Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам
Кандидаттар саяжай тұрғындарымен кездесті
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ерубаева Гүлжан Жұбайқызы және Нұрсұлтан Орынбасаров Іле ауданына қарасты “ПКСТ Қоянқұс” саяжайына барды. Ауыл председателі Нұрғалиева Күлжиян ханыммен жолығып, тілдесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Осы ауылға қатарласып орналасқан көшелер бір ауыл боп көрінгенімен жартысы қалаға қараса, жартысы Садоводская деп бөлек аталады екен. Тұрғындар өз тарапынан жарық пен газ тартқызған. Қала жақтан келіп құятын өзен сағалары күн жылысымен қоқысқа толатын көрінеді. Қоршаған ортаны таза ұстау — баршамыздың міндетіміз. Тазалықты әр адам өзінен бастау керек. Күлжиян ханымның талап- тілектерінің бірі осы тазалық пен ауылға жақсы жол салу.
Кандидаттар «Nur Otan» партиясының басым бағыттарын түсіндіріп, алға қойған мақсат-міндеттерімен таныстырды. Жоғарыда айтылған мәселелер осы басымдықтарда бой көрсетіп тұрғанын және алдағы уақытта жоспар бойынша орындалатынын түсіндірді.