Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам
Аймақтық штаб өкілдері «Дольче Фарм» ЖШС қызметкерлерімен кездесті
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары әдеттегідей өз жалғасын табуда. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Құспан Айгүл Сейфоллақызы мен Әбсеметова Әлия Маратқызы Ынтымақ ауылында «Дольче Фарм» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Бұл кездесуге Іле аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы, Іле аудандық мәслихатының хатшысы Абилова Роза Михайлқызы, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ерубаева Гүлжан ханым да қатысты. Кездесуде «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасы мен алдағы 5 жылдықта атқарылатын жұмыстар, партияның мақсат-міндеттері таныстырылып, осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар талқыланды. кандидаттар қызметкерлердің сауалдарына барынша тұшымды жауаптар беріп, оларды алдағы болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Сенің таңдауың жарқын болашағымыздың алғышарты! Өзің үшін, елің үшін сайлауға кел!