Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам
ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҒЫ
Ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында орналасқан «Мақсат» кафесінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Орынбасаров Нұрсұлтан Жұмабайұлы, Увалиев Мұрат Талғатұлы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Омарова Маржан Ернарқызы, Иманбеков Айдын Мақпырұлының қатысуымен жоғарыда көрсетілген мекен-жайда ауыл тұрғындарымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау аясында кездесу іс-шарасы өтті.
Іс-шара кезінде сайлауалды бағдарламада көрсетілген дамудың жеті басымдығы атты жұмыстары талқыланды, ауыл тұрғындарынан кездесу барысында үміткерлерге бірқатар сұрақтар және ұсыныстар түсті. Аталған үміткерлер қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға толық әрі нақты жауап бере алды.