Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Үміткерлер «Сабыржан» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізді

Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Toi Mart» (Сабыржан) сауда үйінде «экспромт» ашық кездесу өткізіп үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сауда үйіне жиналған ел тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, дауыс беруге шақырды.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының Іле аудандық филиалының 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаты депутаттарын сайлаудағы бағдарламасы негізінен ауданды барлық жағынан дамытуға арналғандығын атады. Ол аудан дамуының 7 басымдылығынан тұрады. Олар:

  1. Ауданның экономикалық дамуы.
  2. Қолайлы аудан.
  3. Әлеуметтік бағыттағы аудан.
  4. Жастарға арналған аудан.
  5. Мәдениет пен тарихты дамыту.
  6. Жергілікті органдардың ашықтығы.
  7. Қауіпсіз аудан.

Осыған байланысты депутаттыққа үміткерлер өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында аудан дамуының жеті басымдылығы бағдарламасын басшылыққа алатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button