Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

ЭКСПРОМТ — КЕЗДЕСУ

Салауатты өмір салты — ұлт денсаулығының кепілі
Әріптестерім облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Анастасия Мельник, Нұрсұлтан Жұмабайұлымен бірге Байсерке ауылындағы «Шымыр» спорт клубының бапкерлері мен халықаралық додаларда жеңіс туын желбіретіп жүрген чемпиондармен кездестік. Спорттың джиу- джитсу, бокс, аралас жекпе- жек, еркін күрес түрлерінен 150ге жуық спортшы жаттығатын осы спорт клубының негізін қалаған Қожанов Еркебұлан клубтың алдағы жоспарымен бөліссе, аралас жекпе-жек бойынша жаттықтырушы Жандәулетов Марғұлан үздік нәтиже көрсетіп жүрген шәкірттерімен таныстырды. Жастарымызды спортқа тәрбиелеп, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттап жүрген «Шымыр» спорт клубына сәттілік пен жеңіс тілеп, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық.

Басқа жаңалықтар

Back to top button