СОҢҒЫ ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуы бойынша брифинг өткізілді
Жиынға «Nur Otan» партиясы барлық деңгейдегі мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер, партияның сенім білдірген адамдары, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері қатысты.
Өткен жылғы 11 желтоқсан мен биылғы 8 қаңтар аралығында барлығы 58 шара, онлайн түрде — 26, оффлайн түрде – 32 шара 34780 адамның қатысуымен өтті.
Өткізілген үгіт-насихат жұмыстары жайлы: 60 шара сайтқа, 72 шара – әлеуметтік желіге, 24 –шара – аудандық «Іле таңы» газетіне жарияланды.
11 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында барлығы 42200 үгіт-насихат материалдары 100% ілініп, таратылды.
Аудандық сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесі жоспарға сай азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізді. 11 желтоқсан — 8 қаңтар аралығында қоғамдық қабылдауда барлығы 56 адам болды. Оның ішінде кандидаттар – 49 адам, қоғамдық қабылдау бөлмесінің мүшелері – 7 адам қабылдады. Қабылдау барысында төмендегідей мәселелер қаралды: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша – 4, баспана алу – 11, жылу, газ мәселесі – 6, жәрдемақы алу, құжат ресімдеу – 5, спорт алаңдарын салу – 3, жұмысқа орналасу бойынша -5, қоғамдық көлік жұмысы, жарықтандыру – 8, мүгедектікке байланысты комиссиядан өту — 3, жер телімін алу – 3, интернет жұмысы – 4, қар тазалау – 2, ТП балансқа алу – 1, Байсеркеде мәдениет үйін салу – 1.
Жиында Іле аудандық партия филиалының сайлауалды штабы жетекшісінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Тұрымбетов Ерболат Сапарұлы, «Nur Otan» партиясының сенімді өкілі, партия ардагері, Іле аудандық мәслихат депутаты Исаев Әмзе Әлдибекұлы және «Nur Otan» партиясы Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Абилова Роза Михайлкизи сөз сөйлеп, партияның жұмысы жайлы айтып, 10 қаңтар күнгі сайлауға сақадай сай екендерін айтты.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы үгіт-насихат жұмыстары оң нәтиже беріп, 10 қаңтар күні партиямыз лайықты ел сеніміне ие болады деген сенім білдірді.
Өз тілшіміз