Жауапкершілікті Өз мойныма аламын

Құрметті отандастар!
Барлықтарыңыз білетіндей «Nur Otan» партиясынан мәжіліс пен облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер бір ай бойы ел игілігі жолында партияның Сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіре отырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік.
Іле ауданы бойынша ауыл-ауылды аралап, ондағы сай-лаушылармен, ауыл тұрғын-дарымен, шағын және орта бизнес, сауда саласы, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы, спорт саласының өкілдерімен, көпбалалы аналармен, аудан жастарымен әлеуметтік желілер арқылы қашықтықтан және жүзбе- жүз кездесулер өткіздік.
Бұл кезең – әрі жауапты, әрі қызықты да қызу кезең болды. Бірлесе жүріп тәжірибе алмастық, жинақтадық. Сайлаушылардың ой-пікірі мен ұсыныс тілектерін тыңдай отырып, болашақтағы жұмыс үшін басты назарға алдық. Бір үйдің баласындай ынтымақтастықта жасаған әрбір іс- әрекетіміз бен жүргізген жұмысымыз өз нәтижесін беріп, Сайлауда «Nur Otan» партиясы оқ бойы озық тұрып, жеңіп шықты. Ұдайы халықтың ортасынан табылып, сенімін ақтауға тырысатын «Nur Otan» — нақты нәтиже мен ілкімді істің партиясы атанып, елдің көңілінен шыға білді. Елімізді ең қуатты елдердің қатарына қосу, әр азаматқа лайықты өмір сыйлау — партияның болашаққа бағыт сілтейтін темірқазығы. Алдағы уақытта халық сенімін ақтап, халық үшін құрылған бағдарламадағы межелеген мақсат-міндеттердің орындалуы жолында қалтқысыз қызмет ететін боламыз. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне қадам басамыз. Біздің күшіміз — бірлікте!
Гүлжан Ерубаева