Кітап-өмір ұстазы
Кітап-рухани байлықтың қайнар көзі. Кітап оқуға жас оқырмандарды тәрбиелеу барысында жан – жақты болып қызмет жасау маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.Осы орайда Алматы облысы И.Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернатының директоры Л.А.Касымбекова «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды басшылыққа алып келеді.Кітап ең жақын дос болғандықтан ол жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді.Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу өте маңызды.Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ж.С.Досбаева«Оқуға құштар мектеп» жобасында атқарылған жұмыстардың жоғарғы дәрежеде өтілуін қадағалай отырып, үнемі бақылауда ұстайды.Қоғамды қалыптастыратын жастардың қызығушылығын арттыруда өтілген іс-шараларға қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері және сынып тәрбиешілері көптеп ат салысуда. Мектеп-интернатымыздың барлық сынып оқушылары арасында «Мен кітапты жақсы көремін»атты челленджі ұйымдастырылып, тәрбие сағаттары өтілді. Жас ұрпақтарға үлгі-өнеге болғанбалалар шығармашылығының жанашыры ақын-жазушыларымызбен қашықтықтан кездесу өтті.
Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын, тарихын және өткенін жыр еткен де — кітап. Жас ұрпақты кітап қорынан бөлек алаңдатып жүрген түрлі ақпарат көздері бар. Бүгінде елімізде болып жатқан пандемияға байланысты жас оқырманның кітапханаға барып, кітап алып оқуға мүмкіндіктері жоқ болғанымен,әлеуметтік желі арқылы түрлі платформалармен кітап оқуға болады. Дегенмен де,кітаптан толықтай азық алу, кітапты таңдау оны түсіну мен түйсінуді онлайн платформалары толық жеткізе алмайтыны анық.
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»,- деп Абай атамыз айтқандай, мектеп оқушыларының оқу сауаттлығын арттырып,оқуға құштарлығын қалыптастыруда мектеп кітапханасының маңызы айрықша орын алады.
Кітапхана білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы. Кітаптың иісі мен тыныштық жайлаған кітапханалар кітап сүйер қауымның сүйікті мекені болып қала береді.
А.Д Қалдыбек А.Т. Тыныбек
cынып тәрбиешілері