«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы департаменті және Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы арасындағы өзара ынтымақтастық кездесуі өтті. Кездесуге Іле ауданынан Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Рахымжан Бақытжан Көкенұлы, Іле аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Жабиева Мейрамкүл Түйебайқызы, Энергетический ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейдалиев Мақсат Сейдалыұлы, Іле аудандық «Жас Отан» жастар ресурсы орталығының бас маманы Рақыш Темірлан қатысты. Іле ауданының аудандық, аудандық балалар, Чапаев, Қараой ауылдық кітапханаларында «Парасат жолы» орталықтары ашылды.
Кітапханалар нағыз парасаттылықтың, даналықтың ордасы екенін білеміз. Адалдық, парасаттылық, ізгілік пен қайырымды қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейміз. Алдағы уақытта мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең сұхбаттар арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелерді осы орталықта талқылаймыз. Зиялы қауым өкілдерімен кездесулер, сұхбаттар мен тікелей эфирлер ұйымдастырылады. «Парасат жолы» идея алаңына айналады. Жаңа орталықтардың жұмысы адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыруға, ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етеді. Осындай орталықтардың барлық ауыл кітапханаларында ашылуы жалғасын табады.
Бүгін осы аталған жобалар оқырмандар тарапынан оң бағасын алатынына сенеміз. «Адал еңбегіміз – адалдық алаңында» — болсын әріптестер!
Іле аудандық кітапханасы