АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Алматы облысы, Іле ауданына жұмыс сапарымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев келді. Ол алдымен Алматы қаласына іргелес орналасқан Боралдай кентіне келіп, кент орталығындағы биыл күрделі жөндеуден өткен, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы бойынша сервистік әкімшілік қызметін атқарып жатқан ғимаратқа арнайы атбасын тіреді. Боралдай ауылдық округінің сервистік әкімшілігі халыққа керекті 57 әкімшілік қызметін ашық күйде көрсетеді. Округ әкімі Д. Қоңырбаев нысанның ішкі құрылысы мен материалдық-техникалық базасы, жаңа форматтағы атқаратын жұмыстарымен таныстырды.
Ол: «Біз бұрындары ескі ғимаратта екінші қабатта отырып, халыққа қызмет көрсететін едік. Қазір Президентіміздің Жолдауында айтылғандай «Естуші мемлекет» тұжырымдамасынан кейін ғимаратымызды күрделі жөндеуден өткізіп, тұрғындармен кездесу үшін өте қолайлы сервистік қызмет көрсету форматына ауыстық», – деді.
Әкімшіліктің жұмыстарына қанық болған ресми қонақтар ауыл тұрғындарымен, саяжай тұрғындарымен кездесіп, арыз-шағымдарын тыңдады. Көтерілген мәселені қолға алуды аудан басшысы Б. Қарасаевқа тапсырып, шағымдардың іске асуын тікелей өз қадағалауына алатынын ескертті.
Ресми сапар аудан орталығы Өтеген батыр ауылындағы әкімшіліктің кең акт залында жалғасын тапты. Бұл жерде аудан белсенділерімен, бизнес қоғамдастығымен және тілшілермен кездесу өткізіліп, іс сапар қорытындыланды.
Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бо-йынша департаментінің басшысы Е.Мақажанов атқарылған істер жө-нінде баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликті көрсетті. Сондай-ақ, Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық ақпараттық-ағарту штабының мүшесі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қ. Баймырзаев «Ақпараттық-ағарту Штабының 2020 жылы атқарған жұмысы және қоғамдағы парасаттылық мәдениетін қалыптастырудағы аза-маттық қоғамының рөлі туралы» атты баяндамасын оқыды. Ал, Алматы облысы бойынша арнайы мониторингтік топтың төрағасы В. Тен департаменттің жанындағы арнайы ақпараттық-ағарту штабының жұмыстарымен таныстырды. Олардан кейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қ.Қашқынбаев, Іле ауданының әкімі Б.Қарасаев сөз сөйлеп, өз аудандарында атқарылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұ-мыстарымен кеңінен таныстырды. «Жетісу адалдық алаңы» кеңселік жобалық кездесудің модераторы ретінде Рүстем Әли жұмыстармен таныстыра отырып, жүргізіп отырды.
Кездесуді ҚР Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың өзі қорытындылады. Ол: «Елімізде жең ұшынан жалғасып жатқан сы-байлас жемқорлыққа қарсы күрес қарқынды түрде жалғасып келеді. Өз ісіне адалдық таныта алмаған кей әріптестеріміз ұсталып, темір торға қамалып жатқанын көзіміз көріп отыр. «Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық» – деген осы. Осы жаман әдеттен арылып, елге адал қызмет етсек қана Қазақстан гүлденіп, көйкейеді. Сондықтан, нанымызды адалынан жеп, әр ісімізді адал атқаруға шақырамын» – деді. Шара барысында биылғы жылдың жоспарымен таныстырып, отырғандардың пікірі тыңдалды.
Бақтияр Талғатұлы