Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңы

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсеткен. Яғни бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз. Бiз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл сала да қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – жемқорлық. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.

№42 орта мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірнеше іс-шаралар атқарылды. Іле аудандық білім бөлімінің 2021 жылға арналған тәрбие жоспарына сәйкес «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес 9-11 сынып білім алушылары арасында «Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы» тақырыбында зум платформасымен жобалар байқауы ұйымдастырылды. Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жобаға 9-11 сынып білім алушылары қатысты. 9 «Ә» сыныбының жобасы үздік деп танылып, марапатталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында ұйымдастырылған «Адал еңбектің жарқын бейнесі» атты жас суретшілер байқауының аудандық кезеңінен 7 «Ә» сыныбының білім алушылары Кунебаев Жәнібек, Калиева Лимара 2-орынды иеленді.
Біздің іс-шараларды ұйымдастыру мақсатымыз сыбайлас жемқорлықпен күресу арқылы шәкірттеріміздің болашақта өз еліне адал қызмет етуіне тәрбиелеу.

Болашақта өскелең ұрпақ жемқорлыққа жирене қарауы үшін біз қандай әрекет жасап, оларға қандай бағыт сілтей аламыз?! Мақсатқа жету үшін әрбір отбасында, балабақшада тәрбиеленетін, мектепте білім алатын баланың бойына имандылық пен адамгершілікті, еліне, жеріне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезімді тереңінен сіңіруіміз шарт. Жаны таза, ары ақ, елі мен жерін көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшін ұлттық рухты жас ұрпақ бойына дұрыс дарыта алуымыз қажет. Сөзімнің соңын ұлы Абай Құнанбаевтың мың бір сөзімен аяқтасам: «Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі».

Осы елімізде белең алып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрбір азаматтың міндеті деп білемін.

Ж. ЗУЛФИХАРҚЫЗЫ,
№42 орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Басқа жаңалықтар

Back to top button