ЖҰМЫС ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС ҚҰРЫЛМАҚ
Жақында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының конференцзалында Іле аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы, аудандық мәслихат хатшысы Абилова Роза Михаилкизи, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Естеусізова Гүлнар Таутайқызы және аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, бар-лығы 20 адам қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе — «Nur Otan» партиясы Іле ауданының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасын» талқылау бойынша «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Қарасаев Бағдат Әбілмәжінұлы сөз сөйлеп, «Жол картасының» 7 бағыты бойынша, әр жылдары атқарылатын жұмыстарға толықтай түсініктеме берді. Талқылау барысында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасы» жобасы Іле аудандық филиалы Саяси Кеңес Бюросы отырысына бекітуге ұсынылды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық депутаттық фракция жетекшісі Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы сөз сөйлеп, Іле аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерін жеке жұмыс жос-парларымен таныстырып, негізгі атқаратын міндеттері жайлы айтты.
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Іле ауданының Сай-лауалды бағдарла-масын іске асыру жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған «Жол картасының» орындалуы бойынша жауапты фракция мү-шелерінің жоспарына кеңінен тоқталды. Іле аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракция мүшелерінің жеке жұмыс жоспарлары бекітіліп, фракция мүшелеріне жеке жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыстарды уақытылы жүргізу тапсырылды. Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық депутаттық фракциясы қа-былдаған шешімдердің орын-далуы бақылауға алынды.
Т. БІРІМЖАНОВ