Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл халықтық іс!
Жемқорлықпен күрестің ең нәтижелі құралдарының бірі мәліметті беруді цифрландыру болып табылады. Сол жолға түсіп те келеміз. Казіргі таңда мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта көрсетілуде. Сол арқылы мемлекеттік қызметкердің қызмет алушымен тікелей қарым-қатынас орнатуына жол берілмейді. Бұл да жемқорлықпен күрестің бір жолы. Сыбайлас жемқорлыққа ең алдымен адами фактор әсер етеді. Яғни қызмет көрсетуші мен алушының арасында тікелей байланыс болмаған жағдайда жолдан тайғандар да болмайды. Осы мәселеге ел Президенті де ерекше назар аударып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде мән беруді қажет ететін маңызды бағыттарды алға тартқан еді. Сол кезде Президент атап өткен сегіз бағыттың екіншісі елдегі сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде болды. «Жемқорлық-мемлекеттің дамуын тежейтін кесел». Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз, деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Естуші мемлекет» тұжырымдамасы, барлық азаматтардың үндеулеріне жедел әрі тиімді жауап беруге бағытталуы керек деп талап қойды. Сондай-ақ, Президент мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы қарым қатынастың жүйелі түрде болуын тапсырды. «Жетісу – адалдық алаңы» және «Адал көмек» жобасы аясында ауданымызда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі үнемі халықпен тікелей эфир өткізілуде.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі бар тұлғаларға оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі — ОТҚ) және әлеуметтік қызметтерді алу «Әлеуметтік қызметтер порталы» (ӘҚП) арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте мүгедек адамның не қорғаншының (қорғаншының) міндетті түрде электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. ЭЦҚ-ны тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімдіктеріндегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында, аудандық Сервистік әкімдікте ашуға болатынын кезекті «Жетісу – адалдық алаңы» және «Адал көмек» жобасы аясында айтылды.
Әлеуметтік қызметтер порталы туралы айтар болсақ, егер биылғы жылға дейін мүгедектігі бар тұлға қосымша құралдармен қамтамасыз ету Мемлекеттік сатып алу Заңы аясында жүзеге асырылса, бүгінгі күнде әр мүгедектігі бар тұлға өз қалауымен «Әлеуметтік Портал» арқылы таңдау жасай алады. Яғни, аталған порталда әлеуетті өнім берушілер өз өнімдерімен, баға ұсыныстарымен тіркелген. Өз кезегінде азаматтар сапалы және қолжетімді құралдар мен қызметтерге уақытылы қол жеткізуге мүмкіндіктері зор. Порталға тапсырыс беру үшін бөлімге жүгіну міндетті емес. Әр мүгедектігі бар тұлға «E-Gov» электрондық үкімет веб-порталы арқылы үйден немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкімдіктерінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тапсырыс беруге болады. Бұл ретте бөліммен ауылдық округ әкімдіктеріндегі мамандарға тапсырыс беру тәсілдері үйретілген, жүгінген азаматтарға жәрдемдесуге мүмкіндіктері бар. Қызметтер Медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі әзірлеген Оңалтудың Жеке Бағдарламасы (ОЖБ) арқылы жүзеге асырылады. Ал, Оңалтудың Жеке Бағдарламасы медициналық ұйымның дәрігерлер кеңесінің қорытындысы бойынша әзірленеді. Сонымен қатар «Е-собес» базасының ақпараттық жүйесі барлық мемлекеттік органдармен біріктірілгендіктен, Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құжаттардың ең аз пакеті талап етіледі деп сұхбат берілуде.
Осы елімізде белең алып жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресу — әрбір азаматтың міндеті деп білеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесті. Негізгі мақсат – жемқорлықтың тамырына балта шабу, оны түбегейлі жою. Бұл жұмысты еш созбалаққа салмай, қарқынды түрде жүргізу қажет деді. Ендеше, Президент алға қойған бұл міндет өз деңгейінде орындалуы тиіс. Бөлім тарапынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес жарты жылда ішкі талдау жүргізіледі.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
Бақтияр Талғатұлы