Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ!

1 –наурыз ««Nur Otan» партиясының туған күні

Аудан әкімдігінің кіші залында «NurOtan» партиясы күніне орай белсенді партия мүшелерімен салтанатты жиын  өткізілді. Жиын барысында  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының  төрағасы, аудан әкімі Б.Қарасаев құттықтау сөз сөйлеп, қысқаша «Nur Otan» партиясының  құрылғанына 22 жыл толуына орай, атқарылған жұмыстар, жеткен жеістіктерге тоқталды.1999 жылдың  26 наурызында Партияның Іле аудандық филиалының  алғашқы конференциясының өткізілгені, онда аудандық филиалдың төрағалығына аудан әкімінің орынбасары Е. Тұрымбетовтың, атқарушы директоры болып  — Н.Нарымованың, орынбасары  болып — Ж.Серьяновтың, кеңесшісі  болып – Б.Байелденовтың сайланғаны, ең алғаш ауылдық округтерде 12 бастауыш партия ұйымдары құрылып,оған  филиалы 1500 адам мүше болса, бүгінгі күні 13 бастауыш партия ұйымындағы партия мүшелері санының    8503 адамға жетіп отырғанын атап өтті. 1999 – 2021 жылдар аралығында партия төрағалары болып  Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов, Николай Николаевич Логутов,  Бердәулет Ешенұлы Абдуллаев,  Қыдыркелді Өміржанұлы Медеуов,  Бағдат Әбілмәжінұлы  Қарасаев сайланып, партия жұмыстарына басшылық етті.Осы аралықта  Партия жарғысы, Саяси Доктринаны басшылыққа ала отырып, партиялық бағдарламаларды, жобаларды жүзеге асыру, елдің әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын жақсартуға,  арттыру мақсатында көптеген игі шаралар  атқарылды. Іле аудандық партия филиалында Тікелей Елбасымыз, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен  «Birgemiz» акциясы аясында  карантин кезінде тұрмысы төмен, аз қамтылған, көп балалы 7121 отбасыға 45 723 895 теңге көлемінде азық-түлік, медициналық бетперде тегін таратылды. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы мен «Birgemiz» акциясы аясында  тұрмысы төмен көпбалалы  және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алып жүрген және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлерге,мүдеектерге, жетім балаларға (тұлдыр жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілгендерге, тыл еңбеккерлеріне  барлығы 3199 отбасыға 50 мың теңге көлемінде 1 реттік қайырымдылық көмек көрсетілді. 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы 75,3 пайыз дауыс жинап, аудандық мәслихатының 18 депутаттық мандат орындарын иеленді. Аудандық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысында  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы қабылданып, 7 бағыт бойынша атқарылатын нақты шаралар жоспарланды.Сонымен қатар, осы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Жол картансы» жүзеге асыру жоспарына тоқталды. Бағдат Әбілмәжінұлы  сөзін қорытындылай келе, Елбасымыз, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың бізге артқан сенімін жауапкершілікпен орындауға, Партия саясатын жүзеге асыруға  үлкен үлес қосуымыз керектігін айтып, осы бағыттағы  істерге сәттілік тіледі. Жиын барысында Бағдат Әбілмәжінұлы партия белсенділерін  «Партия күні» мерекесімен құттықтай отырып,  «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының бірінші орынбасары Гүлнар Қожағұлқызы Тойлыбаеваның Алғыс хатымен партия жұмысын ұйымдастырудағы белсенді  қызметтері үшін  «Байсерке»БПҰ төрайымы Т.Көпбаеваны, «Қараой»БПҰ төрағасының орынбасары Г.Каткееваны, «Жетіген»БПҰ төрағасының орынбасары Р.Байбасарованы, «Боралдай аудандық ауруханасы»партия тобының жетекшісі А.Оспанқұлованы, № 31 ОМ партия тобының жетекшісі Ш.Бектұрғанованы, жеке кәсіпкер, аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Г.Гейдаровты марапаттады. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының  төрағасы, аудан әкімі Б.Қарасаевтың Алғыс Хатымен партия саласындағы белсенді  еңбектері үшін «Чапаев»БПҰ төрағасы Қ.Рахимов, № 28 мектеп-гимназиясы партия тобының жетекшісі С.Бейсембаева, «Междуреченск»БПҰ хатшысы Л.Бисенова, №13 ОМ партия тобының хатшысы Г.Беркимбаева, «Боралдай»БПҰ төрағасының орынбасары Г.Абдоллаева, «Ащыбұлақ»БПҰ хатшысы А.Нилдибаева, № 15 ОМ партия тобының хатшысы М.Куйкова марапатталды. Шара барысында партия қатарына қабылданған «Денсаулық»БПҰ белсенді мүшелеріне Ш.Акрамоваға, М.Қуанышбекқызына, А.Нысамбаеваға, А.Тоқтароваға салтанатты түрде  партия билеттері тапсырылды. Шарада партия ардагері, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Тұрымбетов партия мүшелерін «Партия күні»мерекесімен құттықтап, олардың қажырлы жұмыстарына табыс, сәттілік, отбасыларына амандық  тіледі. .

Бақтияр Талғатұлы

Басқа жаңалықтар

Back to top button