Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

Талдықорғанда қайырымды жандар марапатталды

Алматы облысында 2020 жылы пандемия кезінде көпшілікке көмек көрсеткеніскер әйелдер марапатталды. Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің отырысында қайырымды жандыларға алғыс хаттар мен дипломдар табыс етілді.

Отырысты ашқан Іскер әйелдер кеңесінің облыстық филиалының басшысы Римма Салықова Кеңес қатарында 450-ден астам ең жарқын кәсіпкер, саясаткерлер, қоғам, мәдениет, білім, әлеуметтік сала өкілдері бар екенін атап өтті. Әр ауданда Іскер әйелдер кеңесінің филиалдарыбілім беру және қайырымдылық жобаларын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің басшысы пандемия кезінде көрсеткен көмегі үшін өңір әйелдеріне зор алғысын білдірді.

«Өткен жылы пандемия кезінде Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері #Жақсылықчелленджі республикалық қайырымдылық акциясын, Президент бастаған «Біз біргеміз»акциясын 100-ден астам әйел-кәсіпкер белсенді қолдағанын атап өткім келеді. Ауылдар мен қалалардан шыққан қайырымды, жүрегі кең әйелдеріміз халықты және бекеттерде тұрған азаматтарды бетперделермен, түскі астармен қамтамасыз етті, медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, азық-түлік себеттерін сыйлады.Біздің есебімізше облыс бойынша Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері 3,5 мыңнан астам отбасына көмек көрсетті, 2 мыңнан астам азық-түлік себеті, 8 мыңға жуық медициналық маска, 1,5 тонна антисептик, жарты миллион тонна көмір табыс етілді. Бұл зор жақсылық белгісі, сол үшін алғыс пен ризашылығымды білдіргім келеді», — деді Римма Салықова.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, Алматы облысы әкімдігі мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімін жүргізді. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ қайырымдылық мәдениетін дамытуға және Іскер әйелдер кеңесінің қызметіне қосқан үлесі үшін Текелі қаласының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Алпамыс» ұйымының басшысы Райхан Сисекенова, «Дана» жекеменшік мектебінің құрылтайшысы Күләнда Батырбекова, Панфилов ауданының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Ирада Балық» ЖШС директоры Суриям Изимова, «Оңғарбаева» ЖК оқу орталығының жетекшісі Светлана Оңғарбаева және т.б. марапатталды.

Сондай-ақ Әсет Шаяхметов «Атамекен «ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі тағайындаған«Ару Ана»Бизнес премиясы» республикалық сыйлығын табыс етті. Сыйлық кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Жыл сайын өңірлік деңгейде 17 награда және республикалық деңгейде Гран-при беріледі. Алматы облысындағы «АруАна» сыйлығының алғашқы иегері «Бүркіт «ТЭК» ЖШС Бас директоры, Алматы облысы Өңірлік кеңесінің мүшесі Ләззат Ботабекова. Компания Райымбек ауданындағы Ойқарағай көмір кен орнында көмір өндіретін негізгі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Ләззат Ботабекова аудан көлемінде де, облыс көлемінде де көптеген игі істердің демеушісі болып келеді. Жыл сайын компания Райымбек және Кеген аудандарының тұрғындарына 300 тонна көмірді тегін таратады, сондай-ақ жүйелі негізде аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді, дарынды жастарға білім беру гранттарын бөледі. Мәселен, 2020 жылы пандемия кезінде аудандық ауруханаға 500 мың теңгеден астам сомаға медициналық бақылау-диагностикалық құралдары мен дәрі-дәрмектер сыйға тартты.

Отырыс барысында «Doc.kz»Әлеуметтік еріктілер орталығы «ҚБ директоры Лариса Котельникова Алтай өлкесімен Халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы, қаржылық өнімдері бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ және «Халық банкі» АҚ өкілдері сөз сөйлеп, бизнес-тренер Әлібек Бұхановтың тренингөткізді.

Одан әрі «Алтын Адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызметі таныстырылды. Халықтың өнер шеберлерін біріктіретін қолөнершілер орталығы Алматы облысы іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен құрылды. Қоғамдық бірлестік төрайымы Динара Бәкірова жұмыс бағыттары туралы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Іскер әйелдер кеңесінің ағымдағы жылға арналған жоспарларын айта келе, Римма Салықова әйелдердің кәсіби, рухани, тұлғалық өсуі бойынша оқыту тренингтері мен семинарлар үрдісін өткізу бойынша жұмыс жалғастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ кәсіпкер әйелдерді несиелендіру бойынша «Қамқор Ана»жобасын іске асыру жоспарлануда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button