Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Жемқорлықсыз мемлекет

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.    Президентіміздің   «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді. Президент өз Жолдауында   бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қол­дау көрсетуге, ел аймақтары ара­сын­да­ғы теңсіздікті жоюға және халықты толған­дырып жүрген басқа да мәселелерге ерекше көңіл бөлді.  Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық заманауи қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Ол үнемі терең зерттеуді, белсенділікті және оған қарсы тұруды қажет етеді.

Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің тарапынан кәсіпкерлерге тұрақты түрде сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейтіндігі, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретіндігі бойынша  түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Adaldyq Alańy»  жобадасы аясында ай сайын әлеуметтік желілер арқылы өзекті мәселелер қозғалып, тікелей эфирде сұрақ-жауап беріледі.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен кәсіпкерлер арасында «Protecting Business and Investments» жобасын іске асырылуда. Бұл жоба аясында  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды, мемлекеттік органдардың   тарапынан  кәсіпкерлерге  заңсыз араласуды және кедергі келтірудіне жол бермеуді  қамтамасыз ету бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бұл жоба тегін және  екі жақты келсім-шарт арқылы жүзеге асырылады. Ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты түрде кәсіпкерлермен  түсіндірме жұмыстар атқарылады. Кәсіпкерлердің дамуы мен тұрақтылығына кәсіпкерлік бөлімі өз үлесін қосуда. ( нәтижесі: 2020 жылы инвестиция көлемі 99,8 млрд.теңгені құрап, облыс көлемінде 14,7 пайызды , өнеркәсіп көлемі 428 млрд. облыс көлемінде 36,6 пайызды құрады )

 Ж.Қани

Кәсіпкерлік бөлімінің  басшысы  

Басқа жаңалықтар

Back to top button