Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Алматы облысында санитарлық талапты бұзғандарға 38 млн. теңге айыппұл салынды

Самарқанның көк тасы еріп, ел-жұрт «амал мерекесі» деп амалдап жатқанда аймақтағы  эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап кетті. Жетісу жерінде соңғы тәулікте 104 адам коронавирусқа шалдыққан. Салдарынан індетті жұқтыру деңгейі өңірде 0,8 % – ды құрады.

Жыл басынан 12 666адам кесел жұқтырған. Оның ішінде  5658тұрғыннан коронавирустың симптомдары анықталған. 10 758 науқас  емделіп шыққса, 870 емалушы әлі күнге дәрігердің бақылауында.

Өкініштісі сол, індет жас, кәрі деп бөліп жармайды. Облыста 52 жүкті әйел мен 882 оқушы кесел жұқтырған.

Аурудың өршуіне байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінушілердің қатары артқан. Салдарынан, арнайы топқа тәулігіне 2,5 мың шақырту келіп түсіп отыр.

Бір сәтте, вирусқа шалдығушылар санының өскені, бұқараның қарапайым сақтық шараларын сақтамауынан дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

«Аймақта карантиндік режимнің сақталуын қатаң бақылау мақсатында 268 мониторингтік топ құрылған. Мереке күндері қоғамдық орындарда көпшілікпен іс-шаралардың болмауын қадағалау үшін тексеріс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қаладағы «Ханшайым», «Алтын ғасыр», «Гаухартас» мейрамханаларында той-думанның өткізілгенін анықтадық. Бұл бір ғана мысал. Жыл басынан арнайы топтың көмегімен 7 мың рейд жұмыстары атқарылды. Олар карантин шаралары сақталмаған 600 жағдайды анықтаған болатын. Бүгінде санитарлық талаптарды бұзып, заңды белден басқандарға тиісінше айыппұл салынды. Оның жалпы берешегі 38 млн. теңгені құрайды»,-деп атап өтті Батыржан Құлаймергенұлы.

Облыстың бас дәрігері Өмірбек Ниязбековтың айтуынша, инфекциялық стационарлар жүктемесінің ұлғаюына байланысты төсек қорының саны 1370-тен 1855 төсекке дейін, реанимациялық төсек саны 124-тен 145-ке дейін ұлғайтылған.Қажет болған жағдайда 5280 төсек-орын орналастырылады.

Тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін қазіргі таңда егу жұмыстары жүйелі түрде жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін облыста 11 350 адам екпе қабылдаған. Ары қарайда кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады. Ол үшін вакцина қорыда жеткілікті дейді жауаптылар. Қазіргі таңда облысқа вакцинаның 14 850 дозасы жеткізілді. Ай сайын вакцинаның 66 000 дозасыәкелініледі. Жалпы биылғы  жылы облысқа вакцинаның 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа — 8,8 млрд. теңге бағытталған болатын.

Мемлекет бар жағдайды жасағанымен елдің індеттің ілмегіне түсуі тоқтамай тұр. Мамандар, Текелі Талдықорған қалаларында және Көксу, Қаратал, Ескелді, Панфилов, Ақсу, Ұйғыр аудандарында сырқаттанушылардың саны басым екенін айтуда.

Ескертерлігі, демалыс күндері мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардың аумағында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, кинотеатрлар жұмысын тоқтататын болады.

 

Анар САБЫРОВА

Басқа жаңалықтар

Back to top button