Мемлекеттік қызмет сапасын арттыру- ортақ міндет
Іле ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі негізгі қызметіне аудан аумағындағы ауылдарының көше, жолдарының жағдайын бақылау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, жол белгілері және бағдаршам нысандарын күтіп ұстау жатады.
Сонымен қатар бөліммен»Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Аталған мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін бөлімге портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметке қағидаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтінішті және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизінің электрондық көшірмесін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу» мемлекеттік көзделген қызмет стандартына сәйкес барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға қойылатын негізгі талаптар тізбесі «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында баяндалған.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркейді, олар түскен күні жәнекөрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау, мемлекеттік қызметті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Құжаттарды қарау мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жібереді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
«Елге еткен қызмет -абыройлы міндет»