Аудан жаңалықтарыҚоғамТұлға

ТАҒАЙЫНДАУ

Іле ауданы әкімінің өкімімен Азамат Серікұлы Жандосов Іле ауданы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.

Азамат Серікұлы Жандосов 1989 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Жоламан ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2011 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін, 2016 жылы, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясын бітірген. Мамандығы –  ақпараттық жүйелер, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 2011 жылдың 12 қыркүйегінде «Қазақтелеком» АҚ филиалы Алматы облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Кербұлақ аудандық телекоммуникациялар торабының желілік-техникалық цехының №1 абоненттік қатынау желісі кабель және әуе жолдарына қызмет көрсету учаскесінің электр байланысы желілік құрылғыларының 5 дәрежелі электр монтері болып бастады.

2011 жылдың 10 қазанынан – 2012 жылдың 21 мамырына дейін осы тораптағы желілік-техникалық цехының жабдықтар мен құрылғыларды техникалық есепке алу және төлқұжаттау учаскесінің техникалық есепке алу және төлқұжаттау электр механигі, 2012 жылдың 21 мамырынан  2013 жылдың 11 желтоқсанына дейін осы тораптағы желілік-техникалық цехының құрылыс және жөндеу жұмыстарын қадағалау жөніндегі инженері болып жұмыс істеді.

2013 жылдың 11 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 29 сәуіріне дейін Іле ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру бөлімінің басшысы секілді жауапты қызметтерді атқарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button