Аудан жаңалықтарыЖетісу - адалдық алаңыЗаң және бізҚоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР

«Бүгінгі күні Мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету, яғни қандай да бір құжаттарды алу кезінде бюрократиялық әуре-сарсаңға салу; бюджет қаражатын әртүрлі іс-шараларға, қызметтер мен тауарларға дұрыс жоспарламау және ұтымсыз пайдалану; халықпен кері байланыстың болмауы, азаматтардың өтініштерін толық қарамау, бұл азаматтардың қайта шағымдарын тудырады, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындауының басты себептері болып табылады».

Бүгінгі таңда қоғамның қазіргі заманғы болмысы мен қажеттіліктерінің басымдығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған. Ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыруға, құқық бұзушылықтардың барлық көріністеріне мүлдем төзбеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың пайда болуына ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтауға және азайтуға қатысты.

Осы тұрғыда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында бүгінгі таңда жалпы ұлттық қозғалысқа айналған «Жетісу-адалдық алаңы» тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту жобасы бар.

«Жетісу-адалдық алаңы» жобасының аясында әлеуметтік объектілер мен инфрақұрылымның бюджетін пайдаланудың тиімділігін бағалау мақсатында «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы іске асырылуда (publicbudget.kz), бөлінген бюджет қаражаты туралы ақпарат орналастырылған. Яғни, карта арқылы облыстың әрбір тұрғыны бюджеттік ақшаның қалай, не үшін және қанша мөлшерде жұмсалатынын көре алады.

Сондай-ақ, «Жетісу-адалдық алаңы» жобасы аясында автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау сапасына бақылау жүргізуді қарастыратын «Сапалы жол» жобасы жұмыс істейді.

Жоғарыда айтылған негізге орай, Іле ауданында сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша барлық тиісті шаралар қабылдануда және біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өзімізге жүктелген міндеттерді одан әрі орындауға ниеттіміз. Бұл ретте, сіздердің әрқайсыларыңызды немқұрайлы болмауға және сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті құру жөніндегі өзінің азаматтық ұстанымын мәлімдеуге шақырамыз.

 

Аубакирова Ардақ Ахметжанқызы

Боралдай кенті әкімі аппаратының бас маманы

Басқа жаңалықтар

Back to top button