Аудан жаңалықтарыҚоғам

Кемшіліктер назарға алынды

2021 жылғы 01 сәуір күні Іле аудандық партиялық бақылау комиссиясы мен аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінен құралған, жетекшісі аудандық мәслихат депутаты С.Жарқынбеков бастаған жұмысшы тобы «Нұрлы жер» бағдарламасы және мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың және бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында ауданда салынып жатқан құрылыс нысандары жұмыстарының жағдайын саралау бойынша рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында төмендегідей жағдайлар анықталды: «АК Gonstruction» ЖШС жүргізіп отырған Қараой ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысы кестеге сай, сапалы орындалуда.Ал, Қосөзен ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы баяу жүргізілуде, (қаражаттың уақтылы бөлінбеуі себебінен) 1 ай кестеден қалып отыр. «Капстройгрупп — Т» ЖШС жүргізіп отырған Жәпек батыр ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысының жұмысы баяу жүргізілуде. Нысанда небәрі 35 адам жұмыс істеуде.  Дер кезінде қаражат бөлініп, жұмысты күшейтпесе, құрылыс нысанын уақытылы пайдалануға беру мәселесі өз шешімін таппауы мүмкін. Осындай жағдай «Алматы CONSTRUCTION–БМ» ЖШС жүргізіп отырған Боралдай кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысы нысанында да анықталды. Құрылыс жұмысы баяу жүргізілуде. Нысандағы жұмысшы саны аз. Құрылыс жұмысының қаражат мәселесі әлі шешілмеген. Тексеру барысында жұмысшы тобы мердігер компаниялардың жауапты басшыларына аталған кемшіліктерді назарға алып, жұмыстың уақытылы, сапалы жүргізілуін ұйымдастыру керектігін баса айтты және осы мәселе таяуда өтетін аудан-дық партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаралатынын жеткізді.

 

«Nur Оtan»

Іле аудандық филиалы

Басқа жаңалықтар

Back to top button