АУЫЛДЫҚ СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕРДІ АШУ – ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ
Бүгін Қапшағай қаласының Шеңгелді ауылдық округінде кезекті ауылдық сервистік әкімдік ашылды. Орталықтың ашылуына Алматы облысы әкімінің орын басары Ж.Тұяқов, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Е.Мақажанов жәнеҚапшағай қаласының әкімі Н. Құматаев қатысты.
Еске сала кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялаған болатын. Осы тұжырымдамаға сәйкес, азаматтар билік өкілдеріне тікелей жолдап, толғандыратын сұрақтарға уақтылы жауап алуы үшін мемлекеттік органдарда бюрократиялық кедергілер болмауы тиіс. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл Агенттігі«Jetisy-adaldyq alańy» жалпы ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоба шеңберінде мемлекеттік органдарды трансформациялауды ілгерілетіп, оларды жұмыстың сервистік моделіне көшіруде.
«Сервисті кәкімдік» мемлекеттік органдар жұмысының Openspace форматындағы тиімді үйлесімі болып табылады, оның ажырамас бөлігі қызметкерлердің халыққа бағдарлануына және азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға негізделген қызмет көрсетудің жоғары сапасы болыптабылады.
Мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығы мен айқындылығын арттыру, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін арттырудың маңызды факторларының бірі ретінде қарастыруға болады.
Айта кетсек, коронавирустық инфекцияның таралуы әдеттегі өмір салтына айтарлықтай әсер етті. Зор жүктемені барлық әлеуметтік-экономикалық салакөтеруде. Барлық субъектілерде ұйымдардың, соның ішінде мемлекеттік мекемелердің жұмысына шектеу қоятын карантин режимдері енгізілді. Осы қиын кезеңде сервистік әкімдіктер 250 мыңнан астам консультация беріп, облыс тұрғындарына 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті. Осылайша, сервистік әкімдіктер мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарға үлкен көмек көрсетуде.
«Сервистік әкімдікте»халықпен диалог барынша ашық жүргізіледі. Мұндай технологияны қолдану қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық талаптарына жауап береді. Алматы облысы әкімінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің қолдауымен осындай ауылдық сервистік әкімдіктер бүкіл облыс бойынша басқа ауылдық округтер мен кенттерде де ашылатын болады.
«Jetisy – adaldyq alańy» жобасы аясында Шеңгелді ауылдық сервистік әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызметтердің сапасын, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге бағытталған «Jetisy – adaldyq alańy» жобалық кеңсесі өз жұмысын бастады.
Егер сіз сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, онда 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірыңғай Call-орталығына, «Jetisy – adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің 8-708 427 05 03 нөмерлеріне хабарласа аласыз.