Аудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2021 жылғы 16 сәуір күні Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б. Қарасаев, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев, Саяси кеңес Бюросының мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды: «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы XXVII-шы есеп беру – сайлау Конференциясын шақыру, күн тәртібін және делегаттарды сайлау жөніндегі квотаны бекіту.

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аудандық қоғамдық кеңестер төрағаларын, құрамдарын және ережелерін бекіту. «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстарының өткізу кестесін бекіту. Отырыс барысында Б.Қарасаев кіріспе сөз сөйлеп, 2021 жылдың 10 қаңтарында ҚР Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттары сайланды. Ақпан айында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық сайлауалды бағдарламада көзделген іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау мақсатында өңірлік 2021-2025 жылдарға арналған «Жол картасын» бекіттік. Аталған жобадағы іс-шаралар көрсеткіштерінің саны – 829. Республикалық бюджеттен алдағы 3 жылда 3900 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 16549,5 млн.теңге бөлінуі жоспарланған. Сонымен қатар, жеке қаражат есебінен 997211,8 млн.теңге, барлығы 1017661,3 млн.теңге бөлінгені жайлы айтты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сатибаев Алмасбек Қожабекұлы сөз сөйлеп, Іле аудандық партия филиалының есеп беру-сайлау конференциясы 2021 жылдың 27 сәуір күні , сағат 11-00де аудандық партия филиалының мәжіліс залында онлайн форматта өтетіні жайлы және күн тәртібінде 3 мәселе қаралатыны және Алматы облыстық партия филиалының XXVIII-ші есеп беру –сайлау конференциясына қатысатын 12 делегатты сайлау жөніндегі квотаны бекіту жайлы айтты. Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе – «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша ауданда құрылған 9 қоғамдық кеңестің құрамымен және төрағаларымен, ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар, БПҰ-дарының кестеге сәйкес 20-21 сәуірде есеп беру – сайлау жиналыстарын өткізетіні, жиналысқа жауапты Саяси кеңес мүшелері бекітілгені жайлы айтты. Саяси кеңес Бюросының мүшелері күн тәртібіндегі айтылған мәселелер бойынша өз ойларын білдіріп, бекітілсін деген ұсыныстарын айтты. Күн тәртібін қарап және талқылай келе, Партия Жарғысының 8.3.2 және 9 тармағы, 8 тармақшасын негізге ала отырып, Іле аудандық партия филиалы Саяси Кеңесінің Бюросы қаулылар қабылдады.

 

«Nur Otan» партиясы

Іле аудандық филиалы

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button