Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел

Коррупция – термині латын тілінің «comytpere» деген сөзінен шығып,мағынасы жағынан «мемлекет организмін қоғамдық қарым-қатынастарды» бұзу дегенді білдіреді.

«Көз қысты, барамақ басты» әрекеттердің түбі жақсылық апармайтыны ақиқат. Қай кезеңнен де адал тапқаннан тәтті болатыны белгілі.

«Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел.» Бұл-қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің, қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізуіміз керек. Осы сыбайлас жемқорлықтыңкесірінен кейбір жастарымыздың бойында алдағы күнге деген сенімі азайып, «шетелге кетсем» деген жетегінде жүргенін де білеміз. Ешқандай әділетке қол жеткізе алмайтын болса – адам солай ойлауға да мәжбүр болады. Ал бұл елдің болашағы жоқ дегенге саятын аса қауіпті үрдіс.

Халықтың мемлекеттік қызметкерлерге де өкпесі қара қазандай. Көбісіне сыбайлас жемқорлыққа байланысты келеңсіз заң бұзушылық солардың ортасында жиі кездеседі. Мемлекеттік қызметтің миссиясы – халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу. Ең бастысы өзгеге үлгі бола білу керек.

Баймухамбетов Серғали Абдирасилович

Междуреченск ауылдық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button