Алматы облысының жаңалықтарыАуыл шаруашылығыҚоғам

КӨКТЕМДІК ЕГІСТІК ҚЫЗУДА

Ауылшаруашылығымен айналысатындардың арасында «Жаздың бір күні қыстың он күніне татиды» — деген нақыл сөз бар. Осы қанатты сөзді Қосөзен ауылындағы Михайл Кошалко қожалығына қарай айтылған сөз бе деп қаласың.

Аудан көлемінде шаруашылық құрылымдарының алғашқысы болып Михайл Кошалка өзіне тиесілі егістік алқабында көктемдік егін егу жұмыстарын бастап кетті. Өзімен бетпе-бет жолыға алмадық. Қарт диқанның денсаулығы сыр бергендіктен тек ватсап желісі арқылы тілдестік. Бізге айтылған мекен жай арқылы барғанымызда түгін тартсаң арғы жағынан майы шығатын Қосөзен ауылының кең даласында сегіз «Беларус» тракторы ойқастап, жер жыртып, жүгері себуге кірісіп кеткен. Соқаны тереңге батырып, қап-қара құнарлы топырақты сыртқа ақтарып жатқанына куә болдық. Сегіз трактордың біреуі әудем жердей алдыда келе жатты. Байқағанымыздай, ол нитроаммофоск тыңайтқышын алдын ала шашуда. Ал оны арттағы соқашылар жерге топырақпен бірге араластыруда. Тыңайтқыштың қасиеті егістіктің бітік шығуымен қатар арам шөпті де шығармайды екен.

Белсене еңбектеніп жатқан тракторшылардың бірін әрең тоқтатып алдық Тракторынан асыға түсіп жадыраған жүзімен амандасқан ақ сары, бойы ұзын жігіттің есімі Алдияр Еркешев екен. Ол осы бір киелі өлкеге 10 жыл бұрын Шымкенттен көшіп келіпті. Ал, тракторшы болып жұмыс жасап жатқанына үш жыл болыпты. Жағдайы жақсы екенін әңгіме барысында ұқтық. Өз жұмысына дән риза, шағымданбаймын дегенді айтты. Айлығын уақытылы алып тұрады. Жұмыс қысы-жазы бір тоқтамайды. Бізбен қоштасып,  тракторының түтінін көк аспанға бір бұрық еткізді де қайтадан өз қатарына қосылып, сүйікті жұмысына қайта араласты.

Михаил Кошалконың ватсап арқылы бізге түсіндіруі бойынша бұл процесс «егістікті себуге жерді өңдеу» екен. Көктемнің ылғалды күнін пайдаланып, 4 алқапқа төрт түрлі дәнді дақыл себіледі. Өз кезегінде суармалы жер, күзге таман мол өнім береді. Көктем кеш келгенімен топырақтың ылғалдылығы да бойында болғаны шаруаларды қуантуда. Сәуірдің аяғы күннің ысуы 25 градусқа дейін жоғарылайды.

Бұл — нағыз дәнді жерге сіңіруге қолайлы мезгіл. М. Кошалко: «Біз биыл да жүгерінің былтырғы түрік, украин, қазақ тұқымдарын егеміз. Өздеріңіз көргендей техникаларымыздың 80-90 пайызы жаңартылған.

Өткен күзде егін жиналғанда сатып алған қосымша техникаларым бар. Жұмысымыз өз жоспары бойынша орындалып жатыр. Механизаторларға егістіктің басында ас-ауқаттары арнайы дайындалады.

Ең бастысы, жүгеріні жерге уақытында сіңдіріп үлгерсек болғаны» — деді.

Осы газеттің нөмірі дайындалып жарыққа шыққанша Михаил Кошалканың да егістік жұмыстары аяқталып, 300 гектар жерге жүгері мен ноқаттың себілгенін, жылдық жұмыс жоспарын сәтті аяқталғанын хабарлады.

  Б. ЧОЙБАСОВ 

Басқа жаңалықтар

Back to top button