Аудандық мақала және ЭССЕ байқауы
«Тәуелсіздік – алты алаштың айбары» және «Мен – тәуелсіз елдің ұланымын» атты аудандық онлайн форматта өтетін мақалалар мен эссе байқауының
ЕРЕЖЕСІ:
Іле аудандық «Іле таңы» қоғамдық-саяси апталық газеті ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай онлайн форматта аудандық «Тәуелсіздік – алты алаштың айбары» атты мақалалар және «Мен – тәуелсіз елдің ұланымын» атты эсселер байқауын өткізеді.
- Байқаудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1.1. Қазақстан өзінің азаттық алған жылдарында әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге қуатты серпін беретінін, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру;
1.2. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақ санасына ғұламалардың терең ойлары мен тамаша тағылымдарын сіңіру. Бабалар дүниетанымына, ұстанымына сай, қазақы сипаттағы бағытын қалыптастыру, дамыту;
1.3. Ұлт болмысы, діні, ділі, тілі, рухы бүгінгі ұрпаққа қандай көрініс беретіндігін көрсету.
1.4. Тәуелсіздік дәуіріндегі мүмкіндіктер туралы айту;
1.5. Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырлардың ерлігін насихаттау;
1.6. Тәуелсіздікті болашақ ұрпаққа табыстау үшін атқарылуы керек жұмыстарға өзіндік ой-пікірін саралап айту.
- Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:
2.1. Байқауға ауданымыздағы мектептердің және колледждердің ұстаздары мен білім алушылары қатыса алады;
2.2. Байқауға қатысушылардың мақаласы газетіміздің электронды поштасына Word нұсқасында жіберілуі керек;
2.3. Мақала мен эссеге ойшылдардың даналық сөздерін мазмұнына сай пайдалану;
2.4. Байқауға жіберілетін мақалаларға қосымша автордың аты-жөні мен тегі, мамандығы, жұмыс (оқу) орны көрсетілуі керек;
2.5. Байқауға қатысушылар нәтижені білу үшін «Іле таңы» газетінің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі (youtube, instagram, facebook, вконтакте) парақшаларына тіркелуі керек.
- Мақала мен эссеге қойылатын талаптар:
3.1. Ұсынылған шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі;
3.2. Әр автордың шығармасы компьютермен Times New Roman қарпімен, 1,0 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және мақала не эссе 3 беттен аспауы керек;
3.3. Мақаладағы не эсседегі тақырыптың толық ашылуы, жазу стилі, жеткізу тілінің мәнерлілігі, материалдың жанрлық ерекшелігі, дәлдігі әрі түсініктілігі, қатысушылардың мақалаларды/эссені жазудағы деректерді пайдалану шеберлігі және сауаттылығын көрсету.
- Байқау номинациялары:
Байқау екі түрлі номинация бойынша өткізіледі.
- Ұстаздарға арналған байқау: «Тәуелсіздік – алты алаштың айбары» атты мақалалар байқауы;
- Оқушыларға арналған байқау: «Мен тәуелсіз елдің ұланымын» атты эсселер байқауы.
- Байқау кезеңдері:
4.1. Байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау (20 мамырдан – 20 қазанға дейін);
4.2. Материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау (20 қазаннан – 10 желтоқсан аралығы);
4.3. Байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Марапаттау күні қатысушыларға алдын ала айтылады.
4.5. Іріктеуден өткен шығармалар «Іле таңы» газетінде және сайтында жарияланатын болады.
- Қазылар алқасы:
Жеңімпаздарды қазылар алқасы сараптай отырып таңдайды.
Іріктеу кезеңінде мақаладағы стилистикалық сауаттылық, интеллектуалдық деңгей, байқау талабынан ауытқымау, эмоциялық әсер ескеріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау
Қазылар алқасы анықтаған байқау жеңімпаздары екі номинация бойынша дипломдармен және арнайы ақшалай сертификаттармен марапатталады. Қатысушылардың барлығына алғыс хат беріледі.
- Орын саны:
Мұғалімдерге: Оқушыларға:
І орын – біреу; І орын – біреу;
ІІ орын – екеу; ІІ орын – екеу;
ІІІ орын – үшеу; ІІІ орын – үшеу
Байқау жеңімпаздарына 100 000 тг сыйақы қарастырылған:
Байқауға ұсынылған материалдар мына электронды адреске жолдануы тиіс:
Байланыс телефоны: 8 (72752) 304-55-66, 8 708 532 4840 (ватсап. Ербол Бауыржанұлы) e-mail: ahmet_erbol@mail.ru
№ | Мұғалімдер | Оқушылар |
1-орын | 15 000 теңге | 15 000 теңге |
2-орын | 10 000 теңге (екеу) | 10 000 теңге (екеу) |
3-орын | 5 000 теңге (үшеу) | 5 000 теңге (үшеу) |