Аудан жаңалықтарыҚоғамМерекелер

БАЛАЛЫ ҮЙ – БАЗАРЛЫ ЕЛ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Айтулы күн тек мейрам ғана емес, сонымен қатар барлық балалардың құқығын қорғау күні болып саналады. Жаңалықтарды қарап отырсақ, балалардың әр түрлі зорлық-зомбылық көріп жатқандығын байқаймыз. Тіпті, өзінің туған балаларын, өмірлеріне кедергі болғандықтан сабап өлтіретін маскүнем аналар да жоқ емес. Осындай жаңалықтарды көріп қалсам, жүрегім қынжылады. Қалайша өз балаңа соншалықты жауыздық істейсің? Ойымда мың сұрақ қалады. Біреулері балаға зәру болып жатқанда, енді бірі сол баладан құтыла алмай әлек. Өмірдің тосынсыйлары мен қарама-қайшылықтары өте көп!

Біз  әлемдегі  өмірі қатерге түскен  балалардың көп екенін біле бермейміз. Дегенмен, өкінішке орай, өз өмірін қорғай алмайтын қорғансыз сәбилердің бар екендігі шындық. Сондықтан балаларды үлкендердің зорлық-зомбылығынан, терактілерден, соғыстардан, ашаршылықтан қорғап қалу біздің міндет деп есептеймін.

Әлемде зардаптан жылаған бала азайса екен, тек қана сол балалардың сыңғырлап күлген күлкісі ғана естілсе екен. «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры» — дей келе, барлық балаларды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Балапандардың денсаулықтары мықты болсын, ешқашан ауырмасын, көз қуанышымыз болып өсе берсін. Аспандары әрқашан ашық болсын деп тілегіміз келеді.

Ляззат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, «Болашақ

Кемеңгер» балабақшасының тәрбиешісі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button