Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

Бар жақсылық-балаларға!

1 –маусым халықаралық Балаларды қорғау күніне орай  Байсерке ауылдық  әкім аппаратының ұйымдастыруымен  Алматы қаласының « Қазақбай» фирмасының өкілдері : Нұрболат Халықұлы, Данияр Жайлауханұлы және АЛСИМ АЛАРКО САНАЙИ ТЕКСИСЛЕРИ ВЕ ТИДЖАРЕТ  АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Гунай Гокалп мырзалар тарапынан  Байсерке ауылдық  округіне қарасты елді мекендерде тұратын мүмкіндігі шектеулі 60 балаға демеушілік көрсетіліп, азық-түлік қораптары берілді.

Сондай-ақ, «Ерназ-қамқор» қорының басшысы Гүлназ Зейнелқабденқызы  ұйымдастырумен 20- мүмкіндігі шектеулі балаларға азық-түлік пакетін және тәттілерді үйлеріне  өзі апарып  таратып, балаларды мерекесімен қуантты.

Байсерке ауылдық  әкімі Татьяна Копбаева балаларды, ата-аналарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп,  балаларға ашық аспан,бақытты балалық шақ тіледі.

Балалар –біздің қуанышымыз, біздің ұрпағымызды жалғастырушы, елдің болашағы.Бүгінгі  күн –біздікі болса, ертеңгі болашақ- осы балаларымызға аманат!

Балаларымыздың мерекесі құтты болсын, дендері сау, әрқашан күліп-ойнап, қуанып, шаттанып жүрулерін  Алла нәсіп етсін!

Мерекені ұйымдастырушыларға, Байсерке ауылдық  әкім аппаратына  «Ерназ-қамқор» қорына, Алматы қаласының « Қазақбай» фирмасының өкілдері : Нұрболат Халықұлы, Данияр Жайлауханұлы және АЛСИМ АЛАРКО САНАЙИ ТЕКСИСЛЕРИ ВЕ ТИДЖАРЕТ  АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы  Гунай Гокалп мырзаларға ата –аналар және әлеуметтік қызметкерлер тарапынан ризашылығымызды білдіреміз!

 

                                                                Г.Алимжанова,Іле аудандық жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мүмкіндігі

шектеулі балаларға  үйден әлеуметтік көмек

                                                                              көрсету бөлімшесінің әлеуметтік жұмыскері

Басқа жаңалықтар

Back to top button