Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыҚоғам

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

Апта басында Алматы облыстық мәслихат депутаттары Гүлжан Ерубаева, Жалғасхан Донбаев ауданымызға ат басын бұрып, бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен етене жақын танысу үшін және құрылыстың мерзімінде өткізілуіне алаңдаушылық білдірді. Арнайы халық қалаулыларын ауданмен таныстырған Іле ауданы әкімінің орынбасары С. Ибраев, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Е.Тұрыспаев, округ әкімдері атсалысты.

«Nur Otan» партиясы Іле ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жүзеге асыру Жол картасының орындалуы жағдайын саралау мақсатында ауданда салынып жатқан құрылыс нысандары жұмыстарының жағдайын тексерді. «АК Gonstruction» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі жүргізіп отырған Қараой ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысы, Қосөзен ауылындағы 600 орындық мектеп құрылысы, «Капстройгрупп-Т» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі жүргізіп отырған Жапек батыр ауылындағы 900 орындық мектеп құрылысы, «Алматы CONSTRUCTION–БМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп отырған Боралдай кентіндегі 300 орындық мектептерінің құрылыс жұмыстарының кестеге сай уақытылы жүргізіліп жатқаны, қыркүйек айында пайдалануға берілетіні анықталды. Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылындағы «Қуат» балабақшасындағы күрделі жұмыстардың жағдайы қаралып, жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағаны, алдағы уақытта жөндеу жұмыстарының жүргізілуі назарға алынды.

Айта кетейік, аудан көлемінде жоғарыда айтылған 4 орта мектептің де құрылысы биыл аяқталып, жаңа оқу жылында ел игілігіне берілетін болады.

 

Өз тілшіміз

Басқа жаңалықтар

Back to top button