Аудан жаңалықтарыДенсаулықМерекелер

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы профилактиканың негізі болып табылады

Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармада барлығы 18 маман жұмыс істейді, 10 маманың санаты бар, оның ішінде, 4-жоғары біліктілік санатына, 6-бірінші біліктілік санатына ие. Мен өзім Іле ауданында 1988 жылдан бастап, 32 жылдан астам жұмыс істеймін. «Медицина қызметкері  күнін» мерекелеу қарсаңында газет бетінен санитариялық-эпидемиологиялық салаға айтарлықтай үлес қосқан санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің Оралхан Мұқашевна Саменсариева, Жамилям Гаппаровна Гаппарова, Роза Бияхметовна Қабанбекова, Қадиша Боранбаевна Сарбасова ардагерлерін атап өткім келеді. Олардың арасында, зейнет жасына қарамастан, ел игілігі үшін әр түрлі салада қызмет етуді жалғастыруда.

2021 жылдың 5 айында облыста жұқпалы аурушаңдық деңгейі бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда эпидемиологиялық ахуал қолайлы деп бағаланады.

Іш сүзегі, безгек, кене энцефалиті, сіреспе, карантиндік инфекциялар, қышыма аурулары тіркелмейдді, менингит, ішек инфекциялары, вирустық гепатит, бруцеллез сияқты инфекцияларының таралуы азайды. Басқарма мамандарымен, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жабық мекемелерде жұқпалы аурулардың, қоғамдық тамақтану және тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарымен байланысты тамақтан улануды, топтық ауруларына жол бермегендіктерін атап өткен жөн. Сонымен қатар, туберкулез және дерматомикоз аурушаңдықтық жоғарылауы байқалады.

Бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекциямен күрес жалғасатыны баршаңызға белгілі. Пандемия басталғаннан бері 2021 жыылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша облыста 2123 зертханалық расталған, оның 1238 симптоматикалық жағдай, 885 вирус тасымалдаушы КВИ ауруы тіркелді. Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, барлық ошақтар жедел тексерілді, қорытынды дезинфекция жұмыстары жүргізілді, КВИ мен байланыста болған адамдардың шеңберң анықталып оқшауланды.

Халықты коронавирус инфекциясынан қорғаудың жалғыз жолы — вакцинация. Ауданда 18 жастан асқан аудан тұрғындарын тегін коронавирус инфекциясына (СОVID- 19) қарсы егу жүріп жатыр. Аудан бойынша 2021 жылдың 15 маусымына коронавирусқа қарсы бірінші компонентің 27055 адам, екінші компонентін 17242 адам алды. Вакциналар — манауи  медицинаның  маңызды  жетістіктерінің  бірі, вакциналардың арқасында бүкіл әлем вакцинамен алдын алуға болатын инфекциялық аурушаңдық, өлім-жітім азайды, сондықтан мен тұрғындарға қорықпай вакцинация алуға, өздерін және жақындарын қорғауға шақырамын.

Кәсіпкер нысандарын толық жабылуын, шектеу шараларды ішінара алып тастауына балама ретінде эпидемиологиялық ахуал туралы деректерді бақылау және талдау үшін республика бойынша «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды. 26 сәуірінен бастап ауданның 32 кәсіпорнына жоба енгізілді. «Ashyq» жобасы карантиндік шектеулер кезеңінде, қызметі шектеулі бизнес өкілдері арасында жүзеге асырылуда (курорт, фитнес орталықтары, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары, бассейндер, компьютер клубтары және тағы басқалар).

Сонымен қатар, басқарма мамандарымен мониторинг топтарының тексеру нәтижелері бойынша карантиндік режимді бұзушыларға қатысты, жалпы алғанда, 2021 жылдың басынан бастап карантиндік режимді бұзғаны үшін, оның ішінде маска режимін сақтамағандығы үшін 134 тұлғаға 18143740 теңгеге айып пұл салынды, (оның ішінде қысқартылған тәртіппен 8182185 теңге), ұсталғаны 8138430 теңге. Материалдарды қабылдап, тәртіп бұзушыларға әкімшілік айыппұл салу кезінде, басқарма мамандары атына әртүрлі жағымсыз мәлімдемелер жасалады, бірақ бұған қарамастан мамандар КВИ-дің өсуіне және таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолдануда.

Мен жанқиярлықпен және үлкен жауапкершілікпен профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізетін өз мамандарымен мақтанамын.

Мен олардың барлығын Медицина қызметкері күні мерекесі қарсаңында түрлі марапаттарға ұсынар едім, өкінішке орай, бұл менің қолымда емес және санитариялық эпидемиологиялық қызметкерлердің жұмысы өкінішке орай санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы үлестері дұрыс бағаланбайды. Газет бетінде, мен өзімнің барлық қызметкерлерімді коронавирсутық инфекциямен күресте ұйымдастырушылықпенжұмыс істегендері үшін алғыс білдіргім келеді.

Коронавирустық инфекциясының алдын  алу жұмыстарымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықтың барлық салаларында, жұқпалы және соматикалық аурулардың алдын-алу жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, облыс тұрғындарының сапалы ауыз сумен, атмосфералық ауамен қамтамасыз етілуін, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Іле ауданының аумағында сатылған өнімнің қауіпсіздігінің мониторингі Кеден одағының шешімдеріне сәйкес жүргізіледі. 2021 жылдың 5 айында санитариялық-эпиде-миологиялық талаптарға және техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігі үшін ағын судың — 8, өнімнің (тауардың) — 91 сынамасы алынды.

Басқарма мамандары, «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер бірлестігі Іле филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді, оқыту семинарлары жүргізіледі, кәсіпкерлерді ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялықсалауаттылығы саласындағы заңнамасындағы өзгерістер туралы, КО ТР талаптарына сәйкес келмейтін анықталған өнімдер туралы, санитариялық-дезинфекциялық карантиндік режимді ұйымдастыру және сақтау туралы уақтылы хабардар етеді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтардың жасалуын болдырмау мақсатында азаматтардың өтініштерімен жұмыс, тұрғындарға электронды форматта мемлекеттік қызметтер көрсету ұйымдастырылды. Жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік қызметтердің өтініштерін қарау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленгенмерзімге және тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Тек 2021 жылдың 5 айында 8 өтініш қаралып, 129 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы норма талаптарының анықталған бұзушылықтары үшін бөлім Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексе сәйкес әкімшілік шаралар қолданады. 2021 жылдың 5 айында бөлім мамандарымен 168 адам — 13447370 теңге айып пұл салынды, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы бұзушылықтарды жою үшін 33 санитариялық ұйғарым берілді.

Абеуова Бағиля Жүнусовна, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Астана 20 жыл» медалімен марапатталды. 2019 жылы Абеуова Бағиля Жунусовна «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық профиль дәрігері» Республикалық конкурсының жеңімпазы.

Денсаулық сақтау саласындағы жемісті жұмысы үшін, атап айтқанда 2020 Ковид-2019 жұқпалы аурумен күресте, басқарманың екі қызметкері Абеуова Бағиля Жунусовна, Отарбекова Жайдаркул Асановна 2020 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен «Халық алғысы» медалімен марапатталды.

Газет беттерінен өзімнің ұжымымды және аудан медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтағым келеді! Оларға мықты денсаулық және жұмыстарына сәттілік тілеймін!

 

Багила Абеуова,

басқарма басшысының м.а.

Басқа жаңалықтар

Back to top button