ХАЛЫҚ ҮНІ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Құрметті мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер мен талаптар қойылып отыр. Өйткені, кез келген өркениетті елде мемлекеттік қызметкердің атқаратын рөлі айрықша екенін бәріміз жақсы білеміз. Олай дейтініміз, халықтың билікке деген сенімі, ең алдымен, мемлекеттік қызметшіге байланысты. Ал, мемлекеттік қызметші биліктің шынайы бейнесін танытып, іскерлік қабілетін көрсетеді әрі Ел Президентінің саясатын алға жылжытатын қозғаушы күш. Қазақстан Республикасындағы кез келген қоғамның бірлігінің бекемделуі, әлеуетінің артуы мемлекеттік басқаруға байланысты. Осыдан-ақ мемлекеттік қызметтің жауапкершілігінің жоғары, міндетінің абыройлы екендігін байқауға болады. Ендеше, біздің ауданның экономикасының дамуы, әлеуетінің жақсаруы, ең алдымен, сіздердің жоғары адамгершілік деңгейлеріңізге, міндеттеріңізге деген үлкен жауапкершіліктеріңізге және адалдықтарыңыз бен әділдіктеріңізге байланысты екендігін ұмытпайық. Осы орайда сіздерге қойылатын талап пен жауапкершілік те жоғары болмақ. Алға қойылған мақсат пен мұратқа жету жолында өзімізден бұрын мемлекет мүддесін биік қою – біздің азаматтық парызымыз. Сонда ғана жұмысымыз нәтижелі болатындығы белгілі. Осы орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет», – деген еді. Қазіргі таңда жергілікті билік органдары өз жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында халықпен ашық байланыс орнатып, олармен тығыз қарым-қатынас жасауды дәстүрге айналдырды. Халықтың сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап артады.
Құрметті әріптестер, баршаңызды мемлекеттік қызметші күнімен құттықтай отырып, өздеріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен мереке-бірлік тілеймін. Ел іргесі бүтін, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Б. ҚАРАСАЕВ,
аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы