Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

Жемқорлыққа қарсы күрес —  әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Осы орайда жоспар бойынша  округ тұрғындары,  жұртшылық арасында парасаттылық, ізгілік, адалдық пен адамгершілік, ұлттық құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою жолында қоғам белсенділігін арттыру мақсатында бас  маман  Л.Даирбекова, Байсерке ауылы  бойынша қоғамдастық кеңесінің мүшесі Г.Белькова, Ынтымақ ауылы  бойынша  қоғамдастық   кеңес төрағасы Б.Азимбаеваның қатысуымен тұрғындар , мекеме   қызметкерлері  арасында  кездесулер, ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әкімшілік ғимаратының кіре берісінде азаматтардың өтініші мен шағымдарын қабылдау жәшіктері орнатылған, арнайы бұрышта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша ақпарат орналастырылған.

Білім беру мекемелерінде Жастар Комитетінің ұйымдастыруымен құқықтық жалпы оқытулар ұйымдастырылып, «Сыбайлас жемқорлықсыз өмір» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және пайда болуын ескерту мақсатында баяндама оқылды, ақпараттық дәрістер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында  бейнероликтер жасалып, әлеуметтік желілерге жарияланды.

Алдағы уақытта жылдағы жоспарға сәйкес аталмыш тақырыптарда түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпарат беру және оны қоғамға насихаттау басты жоспарға алынбақ.

Сол мақсатқа жету үшін әрбір отбасында,  балабақшада тәрбиеленетін, мектепте білім алатын баланың бойына имандылық пен адамгершілікті, еліне, жеріне, ұлтына деген жанашырлық, патриоттық сезімді тереңінен сіңіруіміз шарт. Жаны таза, ары ақ, елі мен жерін көркейтер нағыз азамат қалыптасуы үшін ұлттық рухты жас ұрпақ бойына дұрыс дарыта алуымыз қажет. Сонда ғана біз оны қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін жемқорлықтай келеңсіз әлеуметтік құбылыстан арашалай аламыз. Сол себепті, ұлтжанды азамат тәрбиесіне селқос қараудан аулақ болған жөн. Қайта, бар назарымызды ұрпақ тәрбиесіне шоғырландыра алсақ, жарқын болашаққа  сенімді әрі нық қадам тастарымыз анық.                                  

                                    Байсерке ауылдық округ әкімшілік аппараты

Басқа жаңалықтар

Back to top button