Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБез рубрикиМерекелер

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚ ҚАЛАСЫ

Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды айтулы мереке – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отанымыздың жүрегі, ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні мемлекетіміз ұлықтайтын жалпыхалықтық мерекелердің бірі. Сарыарқа төсінде қайтадан түлеп, көркейген Нұр-Сұлтан шаһары елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отырып, әлемдік аренада өз орнын таба білді. Сондықтан, жас Елорданың қала күні мерекесі қазақстандықтардың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімдерін шыңдай түсуде. Жас Елордамыз қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы іспеттес. Күн санап көркейіп, сәулеттік нақышпен бой түзеп келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласының биіктей түскен еңсесінен тәуелсіздігіміздің тегеурінін, еліміздің тұрақтылығын, жасампаздықтың жаңғырығын айқын байқайсың. Ерке Есілдің жағасындағы әсем қаланың сұлу бейнесі алыстан мен мұндалап, көз тартып, көңілді баурайды. Ол жаңаша қарқын алған жаңа құрылыстарымен ғана емес, соңғы заманауи технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілерді таңқалдыруда. Мұнда қазіргі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келісіп, бірлігі мен ынтымағы жарасып, көкке самғаған зәулім ғимараттар бар. Бас қаламыз өзінің сәулеттілігімен қатар көптеген саяси және экономикалық маңызды оқиғалардың орталығына айналып отырғандығының өзі оның болашағының жарқын екендігін білдіреді. Әлемдік ауқымдағы басқосулар мен халықаралық дәрежедегі спорттық жарыстар өтетін, салтанаты мен сәулеті, дәулеті мен әлеуеті, бірлігі мен берекесі, достығы мен ынтамағы жарасқан Нұр-Сұлтан қаласы – еліміздің шынайы тарихи жетістігі.
Өзінің сұлулығымен, көріктілігімен төрткүл дүниені өзіне қаратқан Нұр-Сұлтан қаласының мерекесі құтты болсын!
Баршаңызға денсаулық пен амандық, ырыс-ынтымақ тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!

Б.ҚАРАСАЕВ,

аудан әкімі, Nur Otan партиясы

аудандық филиалының төрағасы

 

                                                                                                                                                  

Басқа жаңалықтар

Back to top button