Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамТұлға

Чапаев ауылдық округі Әкімінің сайлауына «ADAL» партиясынан үміткер Ерасыл ЕРБОЛҰЛЫ Қабитқановтың 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Теректі ауылында тудым. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Сөйлеу өнері артисі» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолын Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық театрында актерліктен бастадым. Алматыдағы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорында ұйымдастыру бөлімінің бас маманы және «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорында ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмыс істедім. Әзірге үйленген жоқпын, бірақ отбасымның болғанын қалаймын. Менің бойымдағы жауапкершілік, сабырлылық және көппен араласа білу сияқты қабілетім ауылдың мәселелерін шешуге көмектеседі деп сенемін.

Сізді 2021 жылдың 25 шілдесі күні өтетін сайлауда күтемін.

Мен Ерасыл Қабитқанов Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі қызметіне

өз кандидатурамды ұсынып отырмын.

Әкім ретінде мен, ең алдымен, жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, жұмыс орындарын құру, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуді өзіме мақсат етіп отырмын. Әрі қарай өсімдік шаруашылығына байланысты жаңа шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы жұмыссыз қалған жерлестер үшін 50-ден астам жаңа жұмыс орындарын құру жоспары бар. Мен өз тарапымнан жұмыспен қамту орталықтарымен бірге шағын және орта бизнесті қолдауға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға уәде беремін. Осылайша біз көші-қонды тоқтатып, халқымыздың табысын қалпына келтіреміз. Бұл мәселелерді шешу жергілікті бюджетті ауданнан ауылға аударғаннан кейін мүмкін болады. Енді біз облысқа кетпей, осында қалып, ауылдық округімізді жақсартуға жұмыс істейтін салықтарымызды осы жұмыстарды атқаруға бағыттай аламыз.

Әкім ретінде мен:

  1. Ауылдық округ жолдарына күрделі жөндеу өткіземін;
  2. Ауыл көшелерін жарықтандыруды қайта қалпына келтіремін;
  3. Ауылдастарыма шағын бизнес ашуға қолдау көрсетіп, 50-ден аса жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етемін;
  4. Интернет жылдамдығын арттырамын;
  5. Барлық мәселелерді сіздермен бірлесіп «Adal Аzamat» мобильдік қосымша арқылы шешетін боламын.

Үміткердің телефон нөмірі

(Болашақ әкімдеріңіздің телефоны)

+7 708 569 51 43

Партия сайты:

www.adalinfo.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button