Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғамТұлға

Чапаев ауылдық округі Әкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер АСХАТ НҮСІПБАЙҰЛЫ КАЛИЕВТІҢ

2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Чапаев ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Қалиев Асхат Нүсіпбайұлы  1982 жылы 7 наурызда Алматы облысы Жаркент ауданы Қоңырөлең ауылында дүниеге келдім. «Заң-гер» мамандығы бой-ынша жоғары білім алған соң,  Еңбек жолын «Бағдаулет» ЖШС-де экспедитор болып бастадым. 2013 жылдан бастап мемлекеттік қыз-метке келіп, Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына тағайындалып, 2021 жылдың мамыр айынан бастап Чапаев ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарудамын. Елмен етене араласып жүргендіктен де ауыл тұрғындарының күн сайынғы қиындықтарын бір кісідей білемін. Дәрігерлік амбулатория, учаскелік полиция пункті, ауыз су және жарықтандыру мәселесі, заманауи жабдықталған спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарының құрылысы қажет.

Бұл мәселелерді шешу үшін маған сіздердің қолдауларыңыз керек!

Мен әрқашан байланыстамын!

 Тел/WhatsApp: + 7 701 597 82 41

 Email: kaliev-asxat@mail.ru

Құрметпен, Асхат Қалиев

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар,  алдағы 4 жылда:

— 2023 жылға дейін барлық жастағы тұрғындарға арналған заманауи жабдықталған спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарының салынуына ықпал етемін;

— Ауыл тұрғындарына дәрігерлік амбулатория салынуына ықпал етемін;

Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

— халық арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге;

— ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге;

— ауылдық округті абаттандыру, көгалдандыру және күрделі ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

— 2024 жылға қарай ауылдың электр желілерін және көше жарықтарын жаңартуға күшімді саламын.

Жергілікті халықтың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етілуін арттыруға;

— Ауылдық округ тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауды арттыруға  үлесімді қосамын.

#BizBirgemiz 

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты.

Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.

Сіздің даусыңыз – өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты жəне бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз!

Берекелі ауыл – табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз!

Мен үшін дауыс беріңіз!

Басқа жаңалықтар

Back to top button