Чапаев ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер Бақытжан Рақымжан Көкенұлының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы
2021 жылдың 25 шілдесінде Чапаев ауылдық округінің әкімдігіне сайлау өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Бо-лашақ жастардың қолында, Мемлекетті, жергілікті атқа-рушы органдарда тәжі-рибелі жастарды басқару ісіне тарту керек» — деген еді. Осыған байланысты елімізде мемлекеттік қызмет бойынша жастар кадрлық резерві жүзеге асуда. Мемлекет басшысының бұл сөзі біз сияқты жастарға талмай жұмыс жасауға тың серпін берді. «Асыл – тастан, ақыл – жастан» деп дана халқымыз тегін айтпаса керек.
Халқымыздың түп тамыры ауыл болған соң, ең бірінші ауыл үшін қызмет жасау – менің азаматтық парызым. «Ауылым – алтын бесігім» – деген қасиетті сөз әрдайым менің жүрегімде.
«Жас келсе, іске» демекші, көлге тамған тамшыдай болса да еліме, мемлекетіме қызмет жасап, округ тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында мен Рақымжан Бақытжан Көкенұлы Чапаев ауылдық округі әкімдігіне үміткер ретінде өз кандидатурамды ұсынып отырмын.
Мен, Рақымжан Бақытжан Көкенұлы, 1987 жылы 23 мамырда Алматы облысы, Көксу ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келдім.
3 жоғары білімім бар: музыкалық білім, география, құқықтану.
Жалпы еңбек өтілім 12 жыл, оның ішінде 6 жыл басшылық қызметте. 2019 жылдың 1 ақпанына бастап Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарамын. Үйленгенмін, 2 балам бар.
Сол себепті сіздерге үміткер ретінде сайлауалды бағдарламамды ұсынуға рұқсат етіңіздер.
Чапаев ауылы бүгінгі таңда халық саны 11500-ге жетіп отырған, жер көлемі 5,06 мың шаршы метр алып жатқан ауданымыздағы шағын округ. Үміткер ретінде округтің экономикалық, әлеуметтік аспектілерін жан-жақты зерделей келе, келесі бағыттар бойынша жұмыстарды жүргізуді жөн көремін.
- Жауапты билік пен тиімді басқару жүйесін құру:
- Әкімдік пен тұрғындар арасындағы байланысты дамыту:
- Экономикалық даму мен өсім:
- Инфрақұрылымды дамыту:
- Ауыл шаруашылығын дамыту:
- Жұмыспен қамтудың тиімділігі және баспанамен қамту:
- Әлеуметтік саланы дамыту:
- Табиғат пен адамзат арасындағы байланысты нығайту:
Құрметті Чапаев ауылының тұрғындары!
Сіздердің алдарыңызда өзімнің сайлауалды бағ-дарламамды ұсынып, округ әкімі лауазымына үміткер ретінде алдағы сайлауға түсу мен үшін үлкен жауапкершілік деп түсінемін. Дана халқымызда «Жақсыдан әкім қойсаң елді түзетер, қамқор боп елі тұрған жерді күзетер» деген сөз бар. Егер де сайлау барысында сіздердің қолдауларыңызға ие болып жатсам, әкім боп халқыма жақын боп, округпен жұмыс жасау, дамыту маған арқаланған үлкен жүк деп білемін!
Назарларыңызға рахмет!