Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыЗаң және бізҚоғам

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет

Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.

Адамзат тарихында адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлік, әділдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары.

Мораль мен адамгершілік бір-бірімен өзара тікелей байланысады. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүретін, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті. Мораль – адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, олардың практикалық өмірдегі бейнесін жасайтын іс-әрекеті.

Адамгершілік қасиеттері отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте адамдардың іс-әрекетінің барысында бір-бірімен араласу  нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасып, дамиды. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қасиет те қалыптаспайды. Адамның адамгершілігі – оның ең жоғарғы қасиеті, былайша айтқанда кісілігі. Арлы адам – ардақты. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адамгершілігі мол адам – басқаларға қашан да үлгі-өнеге.

Қарапайымдылық, кішіпейілділік, ақылдылық, парасаттылық сияқты ізгі қасиеттер де әрбір адамға тән болуы керек. Адамның асыл қасиеттерінің бірі- әділдік, адалдық, турашылдық, шыншылдық. Бұл қасиеттер – әрбір адамға тән, жақсы өмір сүрудің алғы шарты. «Өтіріктің балын жалап, тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық»- деген болатын Б.Момышұлы. Осы құндылықтарды бойыңа жиған адамның құқықтық мәдениеті жоғары, қоғамға деген құрметі лайықты бола тұра сыбайлас жемқорлыққа қарсы интеллекті де жоғары болмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» түсініледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті.

Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі .

Индивидтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің деңгейі оның тұлға ретінде дамуы деңгейінің айнасы. Яғни, әр бір адам белгілі бір деңгейде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті болады, ол не төмен, не жоғары деңгейде болуы мүмкін.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады. Тек жас кезінен мінез-құлықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын енгізу бұл әлеуметтік зұлымдықты жоюға мүмкіндік береді. Бала кезінен тұлғаны қазақстандық париотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу маңызды болмақ.

Талай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар азаматтардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кездегі құқықтық сауаттылығы әлсіздігінің салдары болып табылады. Осыған байланысты, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмысы, олардың жасын, кәсіби және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі жүйе қалыптасуы тиіс.

 Г.Кулымбаева,

Ащыбұлақ ауылдық округі

аналар кеңесінің төрайымы

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button