Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыДенсаулықҚоғамТұлға

Алматы облысында 509 мыңнан астам адам екпенің екінші бөлігін алды

Жыл басынан Алматы облысына вакцинаның І компонентінен 555 635 дозасы келіп түсті. Оның 480 135-і Спутник-V, 39 500-і Xayat Vax, 28 000 доза — КоронаВак және 8000 дозасы QazVak.
II компоненттен 509 280 доза вакцина келіп түсті. Оның 433 780-і Спутник-V, 39 500-і Xayat Vax, 28 000 дозасы КоронаВак және 8000 дозасы QazVak.
Бірінші компонентпен 537 927 адам егілді, екіншісінен — 349 538. Вакцинацияланғандардың арасында — мемлекеттік қызметкерлер – 11 800, медицина қызметкерлері – 23 277, педагогтар – 37 914, БАҚ – 193, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесі) – 3991 және басқа да қызмет салаларының өкілдерінен – 415 575 адам вакцина алып үлгерді.
Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде 270 адам ілмектің құрсауына ілінді. Сәйкесінше, КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,6% — дан 0,8% — ға дейін артты. Облыс бойынша Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл — 1,9%, Балқаш — 0,9%, Еңбекшіқазақ — 0,9%, Іле — 0,9%, Қарасай — 1,2%, Сарқан — 1,2%, Талғар-0,9% аудандарында байқалады.
29 шілдедегі жағдай бойынша облыста КВИ зертханалық расталған 31 496 жағдай тіркелген, оның ішінде 20 534 белгілері бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button