ҰСТАЗДАРДЫҢ 85 ПАЙЫЗЫ ЕКПЕ АЛДЫ
Алматы облысы бойынша халқы тығыз орыналасқан Іле ауданында коронавирустың таралу жағдайы тұрақсыздықты көрсетіп тұр. Жыл басынан бері ауданымыз бойынша зертханалық расталған 2734 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген.
Екпе науқаны 2021 жылдың наурыз айының 3-нен басталған болатын. Екпе жұмыстары, тұрғындар арасында ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде. Екпе — коронавирус инфекциясынан болатын өлімді азайтады бізге карантиннің шектеуінсіз әдетегідей өмір сүру салтына мүмкіндік береді. Бүкіл әлемде иммунопрофилактика инфекциялармен күресте ең тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде танылған. Вакцинацияның көмегімен біз ғасырлар бойы табиғи шешекті жеңдік, вакцинаның адам өміріне тікелей араласуының нәтижесінде дифтерия және сіреспе, қызылша, қызамық, көкжөтел, полиомиелит сияқты аурулар аз кездеседі.
Ауданда, 18 жастан жоғары барлық тұрғындарға коронавирус инфекциясына (СОVID- 19) қарсы вакцинация жалғасуда. Аудан тұрғындарына вакцинация жүргізу үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сай 16-медициналық ұйымдарында вакцинация жүргізу орталықтары ұйымдастырылды. 2021 жылы 3 наурыз-19 тамыз аралығында ауданда вакцинаның 1-ші компонентімен — 72624, аудан тұрғындардың 32%, екінші компонентімен — 53469 аудан тұрғындары егілді. Аудан бойынша екпе алғандардың арасынан ауыр зардап шеккендер тіркелмеді.
Егу шарасының алдында егілетін адам аймақтық жалпы тәжірибелі дәрігердің қарауында болып, эпидемиологиялық сұрау жасалады, дене қызуы, қанның оттегімен қанығуы (сатурация), артериялық қан қысымын өлшеу, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйесін тыңдау, жұтқыншақты тексеру секілді дәрігердің міндетті қарауы жүргізіледі. Егу шарасына қарсы көрсетілім жоқ болса егуге ұлықсат беріледі. Егу шарасы егілетін адамның жазбаша келісімінен соң ерікті түрде жасалады. Егу шарасына биотехнологиялық жолмен алынған вакцина қолданылады. Вакцина құрамында тірі вирус жоқ, тек ол туралы мағлұматы бар антигендер бар, сол арқылы адам ағзасында коронавируске қарсы антиденелер түзіліп, адам коронавирус инфекциясымен кездескен кезде адамды антиденелер қорғайды.
Ауданда коронавирусқа қарсы вакцинациялауды белсенді түрде жүргізілген өнеркәсіп мекемелер басшылары: «АлЭС” АҚ 3- Жылу электр станциясы» (Салимов Ф.), Алель Агро (Жатакбаева Р.), Галанс ботлерс ЖСШ (Раисова К.), Алатау құс (Курмашева Ж.), “Шин-лайн” ЖШС (Пак В.), «Глобол фарм» ЖСШ (Рзаев Ф.), «Мега Лес» ЖШС (Кинигопуло Ю.). Аталған мекемелерде 90 пайыздан астам жұмысшылар коронавирусқа қарсы егілді. Ерекше түрде «Дольче фарм» ЖСШ (басшысы Макишева С.) айтып кеткім келеді, осы мекемеде 99,3% жұмысшылар коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтті.
Сонымен қатар, ауданда халыққа қызмет көрсету мекемелерінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдарында, сауда, қоғамдық тамақтану орындарында, мәдениет және демалыс нысандарында, қонақ үйлерінде, білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында, медициналық мекемелерде қызметкерлер қарсы егілді.
Қыркүйек айынан бастап аудан мектептерінің оқушылары оффлайн режимінде оқитын болады. Оқу процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының бірі — мектептердің педагогикалық құрамы мен техникалық персоналының вакцинациясы. Аудан мектептерінің мұғалімдері 85,3%-ы егілді (4416 адам), 79,8% (991) техникалық персонал. Сонымен қатар, балабақшаларда 93,3% тәрбиешілер мен көмекшілері коронавируске қарсы вакцина салдырды (1299 адам).
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен вакцинацияның толық курсын алған құжаттылық дәлелдемелері бар (вакцинаның екі дозасы) адамдарға келесі жеңілдіктер қарастырылған:
— мемлекетке келген кезде коронавирустың ПЦР сынағын өткізбейді;
— жұқпа жұқтырған адамдармен байланыста болса да, 14 күнге крантинге жатқызылмайды, тек қана дәрігер байқылауында болады;
— ауруханаға жатқызу кезінде коронавирус ПЦР тесті тапсырмайды;
— қашықтықтағы жұмыс форматына көшірілмейді;
— балалар үйіне, қарттар үйіне және «Ашық» жобасы бойынша жұмыс істейтін медициналық мекемелерге емін еркін бара алады;
Вакцина-заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен алдын алуға болатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі азайды! Коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация – бұл пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Сондықтан аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырамыз. Коронавирусқа қарсы егу шарасы бірінші кезекте егілетін адамды аурудан қорғайды, сонымен қатар егілген адамның отбасындағы егілмеген адамдарды аурудан сақтандырады. Вакцинация алыңыз, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Б.ЧОЙБАСОВ