Жетісу өлкесінде 358 адамнан вирус анықталды
Алматы облысында бүгінгі күнге дейін коронавирустың 40 846 жағдайы зертханалық расталған. Оның 28 500-і симптомды болып табылады. Қазіргі кезде 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1911,0 құрайды.
Соңғы тәулікте 358 адамнан вирус анықталды. Ауру ең көп таралған аймақ қатарында Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Сарқан, Кеген, Кербұлақ, аудандары мен Текелі қаласы бар.
КВИ анықталған 358 жағдайдың 301-і симптомдық болса, 57-де ауру белгілері байқалмаған.
Облыс бойынша коронавирустың өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9%-дан 1,1%-ға дейін артты.
Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ сырқаттанушылығы: Ақсу-9, Алакөл-9, Балқаш-17, Еңбекшіқазақ-29, Ескелді–15, Жамбыл–23, Іле-15, Қарасай-25, Қаратал-13, Кеген-6, Кербұлақ-5, Көксу-13, Панфилов–21, Райымбек-1, Сарқан–4, Талғар–30, Ұйғыр–12, Талдықорған қаласы-97, Текелі қаласы-12, Қапшағай қаласы-2.