Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ТҰҒЫРЫ

Құрметті Алматы облысы тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ел Конституциясы – Қазақстан халқының баға жетпес байлығы, ұлт бірлігінің ұйтқысы. Бұл күн – жалпыұлттық мереке. Кемел келешектің кепілі болған Ата Заң халқымыздың қорғаны, бейбіт өмірдің береке бастауы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің Тәуелсіздік тарихы – татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім шежіресі, мызғымас бірліктің жылнамасы. Байлық та, бақыт та – бірлікте»,- деп атап көрсеткен болатын.
Конституция қолданысқа енген 26 жыл ішінде мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалап, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етумен қатар ел экономикасының еселеп артуына сара жол ашып, өндіріс орындарының заман ағымына сай өсіп-өркендеуіне тың серпін берді. Шын мәнінде, халқымыздың бүгінде қол жеткізген жетістігі – Ата Заң аясында атқарылған ауқымды істердің жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың заң үстемдігіне, адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге ұмтылысы төл тарихымызда айқын көрініс тапқан. Озық әлемдік тәжірибені, тарихи және ұлттық дәстүрлерді арқау еткен Қазақстан Конституциясы халқымыздың бірлігі мен мемлекет тәуелсіздігінің берік негізі саналады», – деген еді. Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың конституциялық нормалары – бүкіл Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін дәйекті даму мен жаңғыру үдерістерінің негізі!
Құрметті жерлестер!
Біздің Ата Заңымыз – өткен ғасырлар даналығымен сабақтас, қазіргі заман ерекшелігіне сай, адамзат құндылықтарын сақтаған басты төлқұжат. Сондықтан да ел Конституциясы елдік пен берекенің бастауы, тыныштық пен ынтымақтың негізі болып табылады. Рухымыз асқақ, келешекке деген сеніміміз айқын, жігеріміз қайратты, әрбір бастама ел игілігі үшін жемісті болсын!
Конституциямыз –Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғырына айналсын!

Ляззат Бейсеқұлова
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы

Басқа жаңалықтар

Back to top button