Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚазақстан жаңалықтарыҚоғам

Кітапханашылар алғыс айтады

1қыркүйек күні сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары және де бүгінгі күнде елімізде орын алып жатқан қауіпті індетті жеңу үшін барынша күш – жігер салу керектігін айтып өтті.
Президент Жолдауын мәдениет саласының қызметкерлері ерекше ықыласпен қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлының мәдениет қызметкерлеріне мемлекет тарапынан салиқалы қолдау көрсету туралы тасырмасы ел руханиятының жаңа деңгейге көтерілуіне тың серпін берері анық.
2022 жылдан азаматтық қызметкерлердің соның ішінде: кітапханашылардың жалақысы 20 пайызға артады, алдағы 2025 жылға дейін бұл үдеріс жалғасын таппақ. Әлемді алаңдатқан пандемия кезінде аудан, ауыл кітапханашылары өз оқырмандарынан қол үзбей қашықтықта жұмыс жасады. Оқырмандарымыз да үйде отырып, белсенділік танытты. Әлеуметтік желі арқылы кітапхана ауданға белгілі ақын-жазушылармен, өнер адамдарымен, радио-теле жүргізушілер, дәрігерлермен онлайн-кездесу, онлайн-сұхбат өткізіп, виртуалды кітап көрмелері, видео шолулар, электронды кітаптар тізімдері әлеуметтік желіге жарияланып, оқырмандарға ұсынылды.
Біздер мәдениет саласының қызметкерлері мемлекет басшысының Жолдауын бір кісідей қолдаймыз! Жаңаша еңбек етіп, қажыр мен қайратымызды, білімімізді жарқын іске, жақсы бастамаларға арнайтын боламыз. Бұған біздің күш-жігеріміз жетеді.

Іле ауданы әкімінің
аудандық кітапханасы директоры
Қ.Будугулова

Басқа жаңалықтар

Back to top button