Алматы облысының жаңалықтарыБасты ақпаратҚоғам

ЖОЛДАУДА ЖОЛ БАСТАҒАНҒА БАҒЫТТАР КӨП

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының басынан аяғына дейін, халыққа жолдауын қарап шықтым.

1) Халықтың денсаулығы басты назарда! Қазақстан вакцина шығарған санаулы мемлекеттердің бірі!-деді. Халықты жаппай вакцинациялауды әрі қарай жандандыруды тоқтатпаймыз. Және де шетелдік вакциналарды сатып алуымыз қажет деді.

2) Білім саласы бойынша: Халықаралық олимпиадалар мен білім додаларында топ жарған оқушыларымызды қолдаймыз, оларға конкурссыз оқуға тегін жолдама береміз, бір жолғы степендиялар төленеді және де ұстаздарына да моральдық және материалдық қолдау көрсетіледі; Бүгінгі таңда мектеп тапшылығы 80 болып 225 000 бала болса, кейінгі 10 жылда 1 000 000 болатыны сөзсіз, сол себепті 1000 мектеп салуымыз керек!

3) Биылғы сайлауды 30% жастар мен әйелдерді қамтуды енгізіп, депутаттар құрамы жасарды. Енді мүмкіндігі шектеулі жандарды да қосуды қолға алыңыз деп тапсырма берді! 2020 жылы Ауыл әкімдерін, ауыл тұрғындары өздері сайлады. Ендігі кезекте 2024 жылы пилоттық режимде аудан әкімін тұрғындар өздері сайлауын енгіземіз!

Әкімдердің жұмысын бағалау үшін әлеуметтік сауалнама жүргізіп, әкімдердің жұмысын зерделеп отырамыз деді.

4) Токио олимпиадасы туралы бөлек отырыс өткізіп талқылаймыз. Бірақ аймақ әкімдері спортты дамытуды жандандыруы тиіс деп тапсырма берді. Облыстарда спорттық жаңа нысандар бой көтеруі тиіс деп тапсырма берді.

5) Жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайтып, ауылдық жерлердегі Үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымыз қажет, осы бағытта Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлінеді!-деді.

6) Қазақстандағы ең төменгі жалақы 2018 жылдан бері көтерілмеді! 2022 жылдың 1 қаңтарына ең төменгі жалақы мөлшері 60 000 болып бекітіледі.

7) Халықты ауыз сумен қамтуға қаржы бөлінсе де, ауыз су тапшылығы мәселесі әлі де бар; 5 жылда халықты ауыз сумен қамтуды 100% ға жеткізуді тарсырамын.  Осы тұста еліміздің батыс өңірін атап өтті.

Бүгінгі жолдауда маған үлкен әсер қалдырған басты пунктер осылар. Маған ұнады сіздер не дейсіздер жерлестер?

Валентина Талюс,

аудан мәслихатының депутаты

Басқа жаңалықтар

Back to top button