Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам
«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бизнесті және инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорғау бойынша жоба шеңберінде ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «Өңірлік даму орталығы» ЖШС-мен келісім жасалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қою барысында «Өңірлік даму орталығы» ЖШС директорының м.а. Ғанибет Әубәкіров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өзара ынтымақтастыққа шақырғаны үшін алғысын білдірдіріп, сондай-ақ барлық кәсіпкерлерді адал және парасатты бизнеске шақырды.
Айта кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырыла бастағаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге өңірдің 85 компаниясы қол қойып, оның инвестициялық портфелі шамамен 800 млрд. теңгені құрады.