Алматы облысының жаңалықтарыҚоғамТұлға

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жоспарын толық қамтыды

Ұлт жоспарымызда айтылғандай мемлекеттік сектордан басталған реформалар негізінде «Дипломмен – ауылға» жобасы көзделген. Онда әлеуметтік қолдауды бірінші кезекте алу құқығын беруге қатысты, Ауылдық елдiмекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзiрленіп, Ұлттық экономика министрінің 2020 жылдың 30 қыркүйектегі №72 бұйрығымен мынадай.

Ауылдық елдiмекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, қосымша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидасын бекіту туралы өзеріс енгізілді. Аталған нормативтік-құқықтық актілердің негізінде мамандарға бюджет қаражаты есебінен көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алуға әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi айқындалған. Көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш — 291700 теңге және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 айлық есептік көрсеткіш – 4375500 теңге көрсетілген.

Бағдарламаның басты мақсаты — ауылды аймақтарды қажетті әлеуметтік сала бойынша мамандармен қамтамасыз ету.

Ауылдың әлеуетін арттыру үшін құрылған бұл жоба елімізде 2009 жылдан басталып, бүгінгі таңда ауыл-аймақтарда орналасқан өңірлерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып келеді. Кадр тапшылығы деген мәселені шешуге зор үлесін қосуда. Қазіргі таңда ауданда жаңа мектептер ашылуда.

Ұлттық экономика министрінің 2020 жылдың 30 қыркүйектегі №72 бұйрығының 6 тармақшасына сәйкес, Іле ауданының 2021 жылғы 12 қаңтарындағы №7 2021 жылға денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агро-өнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандақтардың тізбесі қалыптастырылып, аудандық сайтқа және Халыққа қызмет көрсету орталықтарына орналастырылған.

2020 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №43 бұйрығы негізінде, сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдануда. Кезекте тұрған мамандар әкімдіктің қаулысы негізінде кезекке қойылды.

Көрсетілетін қызметті алушыларға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру тиісті қаржы жылына арналған міндетемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлінген сома шегінде жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы 190 маманға 55 млн. 423 мың теңге  көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке 28 маман —  122 млн. 514 мың теңге жоспарланып, бүгінгі күні қаражат толығымен игерілді.

Дипломмен ауылға бағдарламасына іліккендердің бірі Садвақас Шынар Талғатқызы. Ол Іле ауданы, Өтеген батыр кенті 24 лицейінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. «Мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы студент кезімде естідім. Жұмысқа орналасқаннан кейін өз бағымды сынап осы бағдарлама жөнінде тереңірек қарастыра бастадым. Бағыма орай бағдарлама бойынша бос орын бар екенін білдім. Керекті құжаттарды жинап әкімшілікке барып өтініш тастадым. Аз уақыт ішінде бағдарлама бойынша бөлінген қаражатқа  үйлі болдым. Өтеген батыр кентінен бір бөлмелі пәтер алдым. Жастарға осындай мүмкіндік беріп жатқан мемлекетімізге алғыс білдіремін. 21 жасымда өз баспанам болғанына өте қуаныштымын — деп отыр.

Осы бағдарламаның игілігін көрген тағы бір маманымыз бар. Ол Жумагазинова Айым Максуткызы Iле аудандық ауруханасының балалар учаскелiк мейiрбикесi: «Мен ауруханада 2017 жылдан бері қызмет етемін. Ауруханадағы әріптестерім арқылы бағдарламаның жұмыс жасап жатқанын естіп қатыстым. Осы жылы наурызда бірінші кезекте құжаттама тапсырғаннан кейін ең алғашқы 295000 көтермелеу қаржысы түсті, Одан кейін 4 миллион 327 мың бағдарламаның толық суммасын алдым. Үйлі болдым. Ел басында отырған ағаларымызға шексіз алғысымды айтамын. Жастарға осы бағдарламаны қолданыуына шақырамын» — деді.

Әлеуметтік  қолдау  шаралары  ұсынылған  маман  ауылдық елдімекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады. Ал келісім шартты бұзып, басқа қалаға немесе облысқа кеткен жағдайда көтерме жәрдемақы бюджетке қайтарылады. Әкімшіге 3 жыл тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама ұсынынып отырады. Жалақыдан кесте бойынша өтеу сомасын шегеру жолымен кредит жарналарын ай сайын өтеуге мiндеттi.

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес, осы Келiсiмнiң шарттары орындалмаған және орындаудан бас тартқан жағдайда алушыдан берешектi өндiрiп алу сот арқылы жүзеге асырылады. Аталған бағдарлама бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, жәрмеңкелер өткізіліп, аудандық газетке мақалалар, сайтқа мәліметтер жарияланып тұрады.

Бүгінде  мемлекет тарапынан осы   бағдарламаның көмегімен ауданға жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген мамандар баспаналы болып, бір рет берілетін жәрдемақы алып, отбасын құрып ауданымызда тұрақты жұмыс істеуде. Сонымен қатар, ауданның Алматы қаласына жақын болуы және жылжымайтын мүлік бағасының жоғары болуы, жас мамандарға берілген бюджеттік несиелер тұрғын үй сатып алуға жеткіліксіз, яғни олар сатып алынған тұрғын үй құнының тек 40 пайызын ғана жабады.

Жалпы «Дипломмен ауылға» жобасы белсенді іске асырылып, Үкіметтің тұрақты бақылауында. Бұл жобада мамандарға жүктелер үміт үлкен, сенім мол және де оны ақтауы парыз. Бұл жастар қауымының елімізді дамытуда үлкен зор үлес қоспақ.

Қорытындылай келе жастарға айтарымыз, мемлекет тарапынан осындай көмекті пайдаланып оқу орнын бітіріп, мамандық иесі болып, біздің ауданымызға келіп жұмыс жасаңыздар!

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына және көркеюіне атсалысыңыздар демекпіз!

Б. ЧОЙБАСОВ

Басқа жаңалықтар

Back to top button