Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары

«Экстремизм» термині сөзбе-сөз (лат. Еxtremus – шеткі) шектен тыс көзқарастар мен әрекеттерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм – әруақытта әр қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс.

Ал «терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады. Бұған негіздесек, терроризм «үкімет немесе қоғамды белгілі бір саяси талаптарды қабылдауға мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде жасалатын қоқан‑лоққы мен зорлық‑зомбылық» дегенге саяды.

Ендігі кезекте экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдарына тоқталайын. Экстремизмге қарсы күрестің бірден-бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде, әрине, күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жас өспірім балалар үшін ақпарат кұралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.

Мен өзім қызмет етіп жатқан Боралдай кентінде Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында жүйелі түрде жұмыс атқарамыз. Тұрғындардың арасында осы жолға жастардың түспеуін насихаттап, көптеген іс-шаралар өткіземіз. Жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашу үшін барлық жағдайды жасадық деп айта алмаймыз. Тәрбие жүйесінде ойланып, толғанатын, толықтыратын жайттар көп. Жалпы террордың ұлты да, діні де жоқ..

Ең алдымен, әр адам адамдық қасиеттерді, заңды қадірлейтін мейірімді әрі тәртіпке бағынатын тұлғаның қалыптасуына басты назар аударылатындығын терең түйсіне білулері аса қажет. Сол себепті,  қоғамда  орын алып отырған экстремизммен күрес репрессия және жалаң тыйым салу жолымен емес, біріншіден, адамгершілік пен ізгі мінез қалыптастыратын адамның шынайы бейнесін дұрыс діни білім беру арқылы айқындатып күресу керек.

Екіншіден, адамдардың бойына этикалық қасиеттер дарытып, идеологиялық және өмірлік-стилдік плюрализмді қабылдау  бейімділігіне үйрететін зайырлы білім беру жүйесі мен ағартушылық арқылы да жүзеге асу керек деп білемін.

Несіпбек Еркебұлан Несіпбекұлы

Боралдай кенті участкелік полиция инспекторы

Басқа жаңалықтар

Back to top button