#Qazaqstan30Алматы облысының жаңалықтарыҚоғам
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы

Байсерке ауылдық округі Қоянқұс ауылының нөмір 47 мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні мерекесіне орай қазақтың бір туар ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жамбыл ата» музейі ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ибраев Серікжан Берікұлы, ақын атамыздың немересі Жеңіс Жамбылов және Жамбыл ауданы Жамбыл ауылындағы ақынның әдеби мемориалдық музейінің әдіскері Қисәділ Айжан ханым қатысты.