Сыбайластық жемқорлықпен күрес –қоғам үшін күрес
Мемлекеттік басқару құрылымындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне жүктелген қызметтік құдіреттіліктерін жеке бас мүддесіне пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері- ЖЕМҚОРЛЫҚ!Біздің мемлекетіміз, басқада көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдің қатарына қосылу стратегиясы , Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында » атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттілігін айтты. Сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. Қоғамдағы болып жатқан әр түрлі көрініс болсын, соның бір көрінісі жемқорлық деп елестетуге болады. Білім саласындағы жемқорлық, құқық саласында болсын кесапат судай бұрқырап аққан бұл кесапатқа жоламауды көздейік. Кінәлі адамдардың қылмысын әшкере ету де жемқорлықпен күресуіңіздің куәгеріндей. Әрі бұл біздің азаматтық борышымыз. Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азамат мемлекеттің ішіндегі тәртәпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Жемқорлықтың көріністерін атап айтар болсақ, қоғамдағы пара алу не ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану проблемалары . Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тек зиянын тигізіп қоймай, сонымен бірге оң нәтижеге жеткізбейтінін естен шығармауымыз қажет. Өйткені сыбайлас жемқорлық тәсімінде папраны көбірек беруші ғанажеңіске жетеді, бір қорқыныштысы-сыбайлас жемқорлықпен айналысу сол тұлға мен оның жақындарының сана сезіміне залал келтіріп, дүниетанымдарын бұзады. Мұндай жағдайларды бей-жай қалдырмау қажет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет. Бұл біздің және болашақ ұрпақ үшінде өте маңызды олар болашаққа сеніммен біліммен қарауы қажет «ауырдың астымен, жеңілдің үстімен » деген ой түймеуі керек. Өз білімдеріне еңбектеріне сенімін артыруға біз көмектесуіміз қажет. Өз құқығымызды қандай жағдай да қорғау әрі қоғам дертіне күресуде балаларымызға бойына сіңіруіміз қажет. Сонымен қатра сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау , сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, біріңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азамат тардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлықпен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның иститтуттарына сеніммін нығайту бүгінгі күндегі негізгі мақсат болып табылады.
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдіру үстінде. Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік – экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажет екенін көрсетті.
Орындаған: № 50орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Керімбай Айжан Садуақасқызы