Құрметті аудан тұрғындар назарына
Құқықтық статистика органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет алу тәртібіндегі оң өзгерістер енгізілгенін хабарлайды
Құқықтық статистика органдарымен мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі: соттылықтың болуы туралы анықтама, мұрағаттық анықтама және прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы анықтама беру.
Мемлекет Басшысының мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде Комитет мемлекеттік қызметтің үш түрін автматтандыру және оңтайландыру жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізді.
Сонымен, «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» мемлкеттік қызмет толық автоматтандырылды.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы (әрі қарай – портал) арқылы альтернативті түрде де, сонымен бірге анықтаманы қағаз үлгісінде алу қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, қызметтерді оңтайландыру шеңберінде азаматтарға жылжымалы жүйенің абоненттік қондырғысы арқылы, яғни mGov порталының мобильдік қосымшасы арқылы электрондық анықтама алу мүмкіндігі берілген.
Азаматтарға арналған жаңа енгізулердің бірі Мемлекеттік корпорация филилалының мекенжайын таңдаумен шетелге шығу үшін анықтама алуға электрондық сұрау беру мүмкіндігі болып табылады, ол жерде қағаз түрінде жауап алуға болады. Бұрындары Мемлекеттік корпорацияға міндетті бара отыра қағаз варианты ғана жіберу мүмкін болатын.
Электрондық анықтаманы «EgovKzBot»Telegram-бота көмегімен алуға болады.
Анықтама алу үшін «Мобильді азаматтар базасына» (МАБ) тіркелу қажет. Бұл үшін eGov.kz порталында Жеке кабинетке өзінің деректерін енгізу қажет.
Анықтама алу үшін Telegram мессенджерді көшіру керек, «EgovKzBot» іздеу жолына енгізу, енгізу/қайта енгізу. Әрі қарай «Қызметтер» бағанында «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» атты сервисті таңдау, содан кейін азаматқа растау коды көрсетілген SMS – хабарлама келеді, кодты енгізгеннен кейін соттылықтың болуы немесе болмауы туралы ақпарат берілетін болады.
Сондай-ақ, порталда электрондық анықтаманы ЭЦҚ қоймай-ақ «Бір реттік SMS паролінің сервисінің» көмегімен алуға болады.
Сонымен қатар, порталда «Үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі» жүзеге асырылған. Енді, жұмыс берушілердің өздері он-лайн қызметін қолдана отыра «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы сұрау жіберілетін адамға қатысты, адамдардың келісім шарты болған кезде басқа адамдарға қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы электрондық сұрау жібере алады.
Осындай қызметті алудың негізгі шарты МАБ-на тіркеу болып табылады. МАБ-не тіркелу үшін қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетте» «телефон» деген бағанда телефон нөмірін көрсету керек немесе оны ЖСН-ді Мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне тіркеу қажет.
«Комитеттің және оның аумақтық бақсармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжат көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметі ішінара автоматтандырылған.
Қызмет алуға үшін электрондық сауалдарды жіберу сервисі портал арөылы іске қосылды. Қазіргі уақытта, қызметті портал арқылы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы тапсыруға болады. Қызметтің нәтижелерін Мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана алуға болады. Қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге дейін қысқартылған.
«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылмаған, ол Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі 5 жұмыс күні. Прокуратура органдарынан шығатын апостиль қоятын құжаттардың 99% есепке ала отыра, соттылықтың болкы немесе болмауы туралы анықтаманы құрайды, мынадай мүмкіндік іске асырылады:
- композиттік қызметке электрондық өтініш беру –соттылықтың болуы немесе болмауы туралы апостиль қойылған анықтама;
- мемлекеттік бажды онлайн режимінде электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮ ТШ) арқылы төлеу;
- қызмет алушының филиалдың мекенжайын порталда таңдау.
Қызметтердің нәтижелерін қағаз түрінде алу үшін қызмет көрсететін Мемлекеттік корпорациялар.
Комитеттің қызметін электрондық форматқа 100% көшіру мақсатында, ҚР ӘМ «Е-Апостиль» сервисін іске асыру шеңберінде апостильдендіру бойынша қызметтерді электрондық форматқа толық көшіру жұмысы жүргізілуде.
А. Атыров
ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің
Алматы облысы бойынша инспекторы