Алматы облысының жаңалықтарыАудан жаңалықтары

ХАЛЫҚ ҚАЛАСА ХАН ТҮЙЕСІН СОЯДЫ

Азияның барысына айналуды мақсат тұтқан Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 31-қаңтарын «Еститін үкіметке» бейбіт талап қойып,үн қатумен бастады. Ата заңын ардақ тұтқан Қазақстандықтар үшін бұл орынды талап еді. Алайда, мемлекет тұтастығына сына қаққысы келген, ұлт қауіпсіздігін қатерге тіккен үшінші топтың араласуы бейбіт аспанымызда найзағай ойнағандай халықты үрей құшағына орағаны хақ.

Осындай сындарлы сәтте халықты оққа байлап беріп, бас амандығын, дүние-мүлкінің тұтастығын ойлап шет ел аспаған президентіне халқының сенімі артты, үндеуіне үн қатты. Жай отындай болған жайттан соңғы Жалпы ұлттық аза тұтуды бастан өткерген ел үшін бүгінгі ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының  халқына арнаған Жолдауы жасыған көңілге медеу болды.

Бастысы халық қалаған  мемлекеттік  реформаға  жол ашылды. Кешегі Қазақстан мен ертеңгі Қазақстанды салыстыруға келмейді. Заң аясында жемқорлықсыз қоғам құруды мақсат еткен Қазақстан Республикасының жаңа Үкіметіне тек сәттіліктер тілейміз! Президент айтқан бағаның тұрақтануы, жастарды жұмыспен қамту, тұтас ұлтты тәрбиелейтін білімі мен білігі артқан кәсіби мұғалімнің қазақ қоғамына ауадай қажеттілігі сынды лебіздер көңіл көкжиегімізді кеңейтті.

Осы орайда, әулие бабамыз Мәшһүр Жүсіп айтты деген болжам орындалып, қазақ халқының қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған алтын ғасырының  куәсі болар сәттінің туғанына сенгім келді!

Екі тізгін, бір шылбырын толық қолына алған Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауына мен сендім, соңғы жылдары қошеметсіз, қағаз жүзінде жазылған есеп-қисапқа толы ертегісіз Жолдауға қолдау білдіріп, Сіз де сеніңізші демекпін.

Тәуелсіздігің күн сөнгенше сөнбесін-Қазақстаным, байтағым!

                                                                        Арайлы Рахымбердіқызы

«Nur Otan» партиясының мүшесі

Басқа жаңалықтар

Back to top button